Меланья Трамп
Словенең шыққан американдық моделі, Америка Құрама Штаттарының бірінші ханымы, Дональд Трамп From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Меланья Кнаусс Трамп[a] (тумысында Мелания Кнавс;[b] 26 сәуір 1970 жыл, Ново-место) — словениялық және америкалық бұрынғы модель, 2025 жылдан бергі АҚШ Бірінші ханымы. Бұрын ол дәл сол лауазымға 2017 жылдан 2021 жылға дейін ие болған еді. АҚШ тарихындағы бірінші ханым болған тұңғыш натурализацияланған азамат болған ол, оған қоса, — Луиза Адамстан бергі екінші шетелде туған бірінші ханым және Жаклин Кеннедиден бергі екінші католик бірінші ханым. 2024 жылғы президент сайлауындағы күйеуі Дональд Трамптың жеңісі себебінен 2025 жылғы 20 қаңтарда Трамп елдің бірінші ханымы тағы бір рет болмақ. Ол — екінші жеке рет Бірінші ханым болмақ елдің тарихындағы екінші адам.[c]
Мелания Кнавс сол жылдары Югославияның бөлігі болған Словенияда туған, 16 жасында ол бұл елде фотомодель болды. Есімін Меланья Кнаусс қылып, Париж, Милан қалаларында модель болмақ еді. Сол кезде өзінің 1996 жылғы Америка Құрама Штаттарына миграциясын қаржыландырған, өз фирмасына алған Паоло Замполлимен танысты. Манхэттенге көшкен оны Замполли 1998 жылы жылжымайтын мүлік бизнесмені Дональд Трамппен таныстырды. Көп ұзамай Дональд пен Меланья жақындасып кетті, Трамп оның мансабын қолдаса, ол Трамптың 2000 жылғы президенттікке кандидатурасын қолдады. 2005 жылы Дональд пен Меланья Трамптар үйленді, олардың Баррон Трамп есімді бір ұлы келесі жылы туған. Меланья өзінің мансабын және күйеуімен бірге іс-шараларға барғанын тоқтата тұрып, Барронды сәбилігі кезінде тәрбиелеп жүрді.
2016 АҚШ президент сайлауында күйеуінің президенттікке барғанын қалаған Меланья оның кампаниясы кезінде халық алдында көп жүрмейтін, тек телефон арқылы кеңес беретін. Фотомодель болған кезінде жасалған эротикалық фотоларының жария болуы мен Республикалық партия съезінде айтқан сөзінің Мишель Обамадан көшірілгені сияқты оқиғалардан Меланья БАҚ-та біраз талқыланды.
Бірінші ханым болғанының тұңғыш айларында Меланья Манхэттенде қала берді, ұлы Барронның мектеп бітіріп алғанын бақылап, неке шартына өзгеріс жасады. Өгей қызы Иванка Трамп осы кездерде Бірінші ханымның кейбір өкілеттіктерін орындап жататын. Ақ Үйге көшкеніне қарамастан ол Бірінші ханым ретінде өте белсенді бола бермеді, бұрынғы Бірінші ханымдардан аз іс-шараларға қатысты. 2018 жылы Меланья бірнеше қиындық көрді, соның ішінде күйеуі көрген опасыздық айыбы мен өзі көрген нефропатия емдеу отасы болды. Бірінші ханым ретінде Меланья бала істеріне біраз мән берді, түрлі ауруханалардағы балалардың көңілін сұрады, күйеуінің мигрант отбасыларын бөлу саясатын тоқтатты. Қызметінің соңғы айларына қарай 2020 АҚШ президент сайлауы бұрмаланған деген дәлелсіз тұжырымдарды күйеуімен бірге қолдап кетті, Ақ Үйден кеткелі халық көзі алдында көрінбей жүр.
Remove ads
Бетбеделі
Мелания жұртшылықпен қарым-қатынасын шектеп, алыпсатарлыққа толы қоғамдық имиджге ие болды.[3] Ол бірінші ханым болғанына қарамастан өз жеке өмірін қорғамақ болды[4] және қызметкерлеріне белгілі бір уақытта оның қайда екендігі туралы сұрақтарға жауап бермесін деп тапсырды.[5] Шектеулі ақпарат себебінен комментаторлар оны күйеуінің құлықсыз серігі, не тәуелсіздігі жоқ әйелі ретінде бейнеледі. Күйеуінің президенттігі кезіндегі бірнеше оқиға оның күйеуіне жасырын дұшпандығы бар деген қауесеттерге әкелді, бұл ойға себеп Меланьяның Ақ Үйге бірден көшпегені және Дональдтың опасыздық жасады деген айыптаулары болды.[6][4][7] Бұл қауесеттерге сенгендер #FreeMelania (#МеланьяныЕрікҚылайық) дейтін хетшегтің тарауына да әкелді.[8] Халықтың оны әлсіз дегенін Меланья ұнатпаса да, хештег пен оның қозғалысын ол қызық деп көрді.[9] 2020 жылға қарай Меланья Бірінші ханым рөліне жақынырақ болды да, бұл тұжырымдар азайды.[10] Көпшілік көзіне ол суық адам деп көрінсе де, оны жеке кездестіргендер оны жылы жүзді деді.[11][12]
Бұрынғы Бірінші ханымдардай, Меланьяның киген киімін БАҚ біраз сынға алды.[13] Оның бұрын модамен айналысқаны және миллиардерге үйленгені бұл сынның көп болуына да әсер етті.[14] Ол өз киімін өзі барып таңдап, сатып алатын,[15][16] бірақ онымен бірге дизайнері,[17] шаш стилисті мен бет әрлеушісі[18] жүрген. Барша алдында сөз дайындағанда ол айтқан сөзі, сөзінің мәнеріне емес, өз түріне көбірек мән беретін.[19] Модада бұрын жұмыс істегеніне қарамастан, БАҚ-тың оның киімін, стилін талқылауын Меланья ұнатпайтын.[20]
Америка қоғамы Меланьяны елінің тұңғыш шетелдік Бірінші ханымы ретінде көрді, өйткені тұңғыш шетелде туған Бірінші ханымның (Луиза Адамс) әкесі америкалық болған.[21] Словенияда туған АҚШ Бірінші ханымын көрген Словенияның үлкен мақтанышы болды.[22][23] Меланья өскен Севница ауылы кейін Меланья жайлы туристік орынға айналды. Жеке құқығына көп мән беретін Меланьяның қалауынша Меланьямен байланысып сатылған мерчандайз оның толық есімін жазбайтын, орнына «М», «Бірінші ханым» ғана дейтін.[24]
Siena College Research Institute 2020 жылғы желтоқсанда АҚШ Бірінші ханымдары жайлы зерттеу жасады. Бұл Меланьяны санаған Бірінші ханымдарды салыстыратын тұңғыш зерттеуі еді. 40 салыстырылған Бірінші ханымдар арасында Меланья ең нашары деп бағаланды,[25] ол бар болған бүкіл шарттарда соңғы қалды.[26]
Remove ads
Ескертпелер
- Үйленгеніне дейінгі аты-жөні: нем. Melania Knauss, [meˈlaːni̯a ˈknaʊs], туған кездегі аты-жөнінің германизациясы; словен. Melanija Knavs, [mɛˈlaːnija ˈknaːws]
- Біріншісі — 1886–1889 және 1893–1897 жылдары Бірінші ханым болған Френсис Кливленд.
Дереккөздер
Қолданылған әдебиет
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads