Мемлекеттік облигация
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Мемлекеттік облигация[1]– бюджетті жасау мен атқару міндеті жүктелген мемлекеттік атқарушы орган шығарады.

Толығырақ
Мемлекеттік облигация бюджет тапшылығын, сондай-ақ түрлі мемл. жобаларды қаржыландыру мақсатымен шығарылады. Мемлекеттік облигацияны орналастыру кезінде тартылатын қаражаттың көлемі мен құрылымы, сондай-ақ оны жұмсау тәртібі бюджетте елдің бюджет заңдарына сәйкес белгіленеді. Мемлекеттік облигация бастапқы нарықта жазылысты ұйымдастыру немесе аукционда сату жолымен, сондай-ақ аукцион мен қайталама нарықты өткізбей, сатып алу-сату арқылы таратылады. Шығарушысына қарай аймақтық атқарушы билік органының мемлекеттік облигациясы, республикалық атқарушы билік органының мемлекеттік облигациясы, мамандандырылған үкімет мекемелерінің мемлекеттік облигациясы; қарыз валютасына (айналыс нарығына) қарай сыртқы мемлекеттік облигация (еурооблигация), ішкі мемлекеттік облигация болып бөлінеді.[2]
Remove ads
Сілтемелер
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads