Меркурий (ғаламшар)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Болпан немесе Меркурий немесе Шолпан, Таңшолпан, Кіші Шолпан — Күнге ең жақын және Күн жүйесінің 1-ең кіші ғаламшары. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады. Ал өз белін ұзақ уақыт 59 тəулікте айналып шығады, Болпанның бір тәулігі Жердің 176 тәулігіне сәйкес. Болпанды бақылау өте қиын. Бетіндегі температура күндіз +400 дәреже болса, түнде -200 градусқа барады.Яғни түн жағында қар жауады. дәрежеге төмендейді. Болпанның үстінде бұлттар жоқ, соңдықтан ғаламшарда жуан атмосфера жоқ. Аспаны қараңғы, жұлдыздар Болпаннан жарық көрінеді, Күн үлкен тәжі бар шар сияқты көрінеді. Меркурийдің беткі қабаты құлаған метеориттерден пайда болған кратерлермен жабылған. Шолпанды әлемде "Меркурий" деп атайды, бұл атау көне юнанның Гермес құдайының мадағына берілген. Күннен орташа қашықт. 0,387 а.б. (58 млн. км), Күнді айналу периоды 88 тәулік, өз осінен айналу периоды 58,6 тәулік, орташа диам. 4878 км, массасы 3,3×1023 кг; өте сирек атмосферасының құрамында Ar, Ne, He бар. М. беті сыртта. Меркурий ежелгі римдіктердің құдайы болды.
Меркурий күнге ең жақын планета болғандықтан оны бақылау өте қиын. Әйтсе де, соңғы радиобақылаулардың мәліметтері бойынша, Меркурийдің өте баяу айналатыны анықталды, яғни бұл планетадағы тәулік шамамен жердегі 176 тәулікке тең. Бірақ ол күнге жақын орналасқандықтан, оның орбитасы жерге қарағанда кіші. Меркурий өлшемдері жағынан да, массасы жағынан да, кішкене болғандықтан, ол өзінің айналасындағы атмосфераны тұрақты ұстай алмайды.


Меркурийдің өз серігі жоқ.
АҚШ Ұлттық ғарыш басқармасының сарапшылары планетааралық зондтарды пайдалана отырып, жинаған деректер негізінде Меркурийдің егжей-тегжейлі картасы анықталды. Осыдан кейін металл ядросы салқындағандықтан, соңғы 4 миллиард жыл ішінде планетаның диаметрі 14 шақырымға азайғанын білуге болады. Осы процестің нәтижесінде жер бетінде тау жоталары пайда болады, олардың кейбіреулерінің биіктігі 3 км-ге жетеді.
Жоғары температураға қарамастан, Меркурий күн жүйесіндегі ең ыстық планета емес. Оның орналасқан жері күнге ең жақын, бірақ Шолпанның температурасы жоғарырақ. Шолпан күннен 2-ші орында орналасқан, жалпы қашықтығы шамамен 107-108 млн км. Мұндағы ауа температурасы 460-462 градус Цельсий. Бұл процесс Шолпан, Меркурийден айырмашылығы, түзілген жылуды ұстап тұратын көмірқышқыл газының тығыз шарының астында атмосфераға ие болуына байланысты.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads