Микрофиламенттер

From Wikipedia, the free encyclopedia

Микрофиламенттер
Remove ads

Микрофиламенттерэукариоттардың барлық жасушаларында, цитоплазмасында кездесетін жіптерге ұқсас ақуызды құрылымдар. Олардың диаметрі 6—8 нм құрайды.

Thumb
Флуоресцентік затпен боялған актин микрофиламенттері

Микрофиламенттер жасуша қаңқасының құрамдас бөлігі болып келеді. Әдетте олар актиннен тұрады, сондай-ақ миозин, тропомиозин, актинин, винкулин сияқты ақуыздардан да құралады.

Актин негізімен жасушадағы жиырылу аппараты қызметін атқарады. Актин жіпшелері сонымен қатар эндоцитоз бен экзоцитозды, цитокинезді, амебоидтық қозғалысты жүзеге асыруға қатысады. Басқа мембраналық ақуыздар осы жіпшелерді тірек ретінде пайдаланады. Сондай-ақ микрофиламенттер ішектегі ұсақбүрлерді қалыптастырады.

Remove ads

Сілтемелер

Quick facts
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads