Минералдар парагенезисі

From Wikipedia, the free encyclopedia

Минералдар парагенезисі
Remove ads

Минералдар парагенезисі (гр. раrа – қатар, жанында, қосақталу, genesіs – жаралу, пайда болу) – минералдардың жер қыртысында қосақталып кездесуі. Бұл терминді 1849 жылы неміс минерологы И.Брейтгаупт (1791–1873) енгізген. 1920 жылы Ресей ғалымы В.И. Вернадский дамытты. Минералдар парагенезисі ортаның химиялық даму тарихы, минералдар түзілуінің физикалық-химиялық және термодинамикалық жағдайларына байланысты анықталады. Ұқсас жағдайда пайда болған минералдар парагенетикалық қатар құрайды. Оларға магмалық тау жыныстары, пегматиттер, кимберлиттер, гидротермальды кендік желілер, түсті металдар кендерінің оксид белдемі жатады. Минералдар парагенезисін зерттеу арқылы тау жыныстарындағы минералдар түзілу процесінің дамуын, кен орындарында кейбір минералдың үнемі кездесіп отыратын себебін анықтауға болады. Кенді Алтай, Сарыарқа, Оңтүстік Қазақстан аймақтарындағы түсті, қара, сирек металдар кендерінде жүргізілген зерттеулер минералдар парагенезисін анықтап, кен түзілуі жөнінде деректер алуға мүмкіндік берді.[1]

Thumb
Минералдар

Минералдардың парагенезисі дегеніміз — олардың жаратылысы, құралу жағдайлары бірдей, сондықтан жатыс орыны қатар, кездесетін жері қатар, бір-біріне серік деген сөз. Сондықтан минералдардың парагенезисі мен минералдардың ассоциациясы (лат. бірлесу, бас қосу) өзара тығыз байланысты. Жаратылысы бірдей минералдар бір жерде бас қосатын болғандықтан минералдар парагенезисінен ассоциация пайда болады. Дегенмен бір жерден қатар табылған минералдар тобының (ассоциацияның) жаратылысы бірдей бола бермейді. Мысалы, эндогендік бір тау жынысы, айталық гранит, үгілу мен бұзылу әрекетіне ұшыраса, онан бірнеше түрлі экзогендік минералдар пайда болып, сол жерде қалып қояды (мысалы, қалдық минералдар). Демек, мұндай жағдайларда эндогендік минералдар мен экзогендік минералдардың күрделі ассоциациясы құралады. Кен минералдары, әсіресе сирек металдар кендері оңай жерден кездесе бермейді. Бірақ әрқашанда сол сирек минералдардың қасында кездесетін, жаратылысы сирек металдар мен парагенезис минералдарын білетін болсақ, солар арқылы басқа сирек минералды іздеп табамыз. Демек, минералдар жаратылысын білу, оның парагенезистік заңын білу минералогия ғылымында аса зор роль атқарады. Әсіресе кен іздеу ісінде парагенезис заңының алатын орны орасан зор. Сондықтан бұл мәселеге ірі ғалымдар ерте замандардан-ақ көңіл аударған. Мәселен, осыдан мың жылдай бұрын Бируни минералдарды жаратылысы бойынша топтарға бөлгенін білеміз. Сонымен қатар кейбір минералдардың парагенезисін түсіну тау жыныстарының жасын айыруға да әсерін тигізеді.[2]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads