Минтимер Шәріпұлы Шәймиев

From Wikipedia, the free encyclopedia

Минтимер Шәріпұлы Шәймиев
Remove ads

Минтимер Шәріпұлы Шәймиев (тат. Минтимер Шәрип улы Шәймиев; 20 қаңтар 1937 жыл, Мінзәлі ауданы, Татар АКСР) — ресейлік саясаткер, Татарстанның тұңғыш президенті (1991–2010) және «Біртұтас Ресей» саяси партиясы негіздеушілерінің бірі.

Quick facts Лауазымы, 26 сәуір 2010 жылдан бастап ...

Қазан ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1959). 1969–1983 жылы Татарстанның мелиорация және су шаруашылық министрі, 1983–1985 жылы Татарстан облысы партия комитетітінің хатшысы қызметтерін атқарды. 1985–1989 жылы Татар АКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989–1990 жылы Татарстан облысы партия комитетітінің 1-хатшысы, 1990–1991 жылы Татарстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1991 жылы маусым айынан бастап 2010 жылға дейін Татарстан Республикасының тұңғыш Президенті (1996 жылы қайта сайланды). Шәймиевтің тікелей қатысуымен 1990 жылы 30 тамызда «Татарстанның мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларация», 1992 жылы 6 қараша күні Татарстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды және 2 рет (19–22 маусым, 1992 жылы; 26–29 тамыз, 1997 жылы) татарлардың Дүниежүзілік конгресі өткізілді. Шаймиев саяси-қоғамдық өмірде Татарстан халқының жан-жақты дамуында, елдегі ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтауда, жақын және алыс шет елдермен қарым-қатынастар шеңберін барынша кеңейтуде ерекше еңбек сіңіріп келе жатқан саяси басшы ретінде танылды. Ресми сапармен Қазақстанда бірнеше мәрте болған.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads