Молизе

From Wikipedia, the free encyclopedia

Молизе
Remove ads

Моли́зе (итал. Molise, Үлгі:Lang-nap) — Италия әкімшілік аймағы. Абруццо, Лацио, Кампания және Апулия аймақтарымен шектеседі, Адриат теңізіне шығады. 2 провинциядан тұрады: Кампобассо және Изерния. Астанасы - Кампобассо.

Quick facts Әкімшілігі, Кіреді ...
Remove ads

Физико-географиялық сипаттамасы

Thumb
Молизе провинциялары

Таулы жерлері көбінесе аймақтың түкпірінде Лацио және Абруццо шекараларында орналасқан. Ең үлкен тау сілемдері - Кампо, Капраро және Мета (тау). Адриат теңізі жағалауына жақындай бере жердің таулылығы азаяды. Су ағындары тауларда аймақтың үш басты өзендері - Триньо, Биферно және Форторе ағатын өзен аңғарларын қалыптастырған. Негізгі тау жыныстары - шөгінді, әктасты болып келеді. Бұл өз кезегінде жылжымалар мен селдердің пайда болуына себепші болады. Орман алқаптары аз кездеседі. Күзі жаңбырлы, қысы суық болып келеді. Молизе оңтүстік Италияның ең суық аймақтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар жағалау климаты жылы және теңіз бриздеріне тәуелді болып келеді.

Remove ads

Экономикасы

Молизе әкімшілік аймағы 1963 жылы Абруццо аймағынан бөліну нәтижесінде пайда болды. Ауыл және Мал шаруашылығы бұрыннан бері аймақ экономикасының негізі болып келеді. Бұл жөнінде көршілес аймағы Абруццомен ұқсастығына қарамастан, Молизе экономикасы баяуырақ дамуда. Индустриалды өндірісі әлсіз дамыған, көбіне Биферно өзені аңғары мен Термоли қаласында орналасады. Бұл - аймақта пайдалы қазбалардың және туристік объектілердің аз тарағандығына байланысты. Аймақтын ЖІӨ - 0,4%. Молизе ЖІӨ 5.958,7 млн еуроны құрайды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ - 18.591,9 еуро.

Remove ads

Қала орталықтары

Молизе елді мекендерінің басым көпшілігінің тарихы ежелгі замандардан бері созылып келеді. Кампобассо (51 мың адам, 2006 жылғы санақ бойынша) - аймақ астанасы, аймақтың түкпірінде теңіз деңгейінен 700 м биіктікте орналасқан; сауда ісі аймақ экономикасының негізін құрайды. Жағажайдағы Термоли (31 мың адам, 2006 жылғы санақ бойынша) балық аулау орталығы өзінің аймақтағы ең үлкен кемежайымен және мөлшермен XI ғасырда салынған сарайымен белгілі

Сыртқы сілтемелер

Quick facts

Дереккөздер

  • Mangasaryan V. Le Regioni d'Italia. Erevan, 2003.
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads