Моноцит
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Моноцит (monocytus, гр. monos - бір, kytos - жасуша) — қандағы дәншесіз лейкоциттердің бір түрі. Моноцит ядросының пішіні бұршақ, таға тәрізді, кейде бөлікшелі (сегментті) болып келеді. Моноцит — макрофагия (мононуклеарлық, фагоцитарлық) жүйесіне жатады. Моноцит сүйектің қызыл кемігі майындағы бірмүмкіндікті монобластардан дамып жетіліп, қанға өтеді де, одан ұлпалар макрофагтарына айналып, организмдегі қорғаныс қызметін атқарады. [1]

Моноциттер - саны жағынан аз, бірақ көлемі үлкен иммунды жасушалар. Бұл лейкоциттер ағза үшін бөгде, бөтен заттарды тануға және басқа лейкоциттерді оны тануға үйрететін жасушалар. Моноциттер қандағы лейкоциттердің 4%-ын құрайды. Олар жілік майында түзіледі және ядролары бұршықпішінді ірі жасуша. Қанда 30-40 сағат шамасында болады, кейін ұлпаға өтіп, макрофагтарға айналады.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads