Монте-Роза

From Wikipedia, the free encyclopedia

Монте-Роза
Remove ads

Монте-Роза (итал. Monte Rosa, фр. Mont Rose) — Швейцарияның Вале кантонында және италияндық Пьемонт және Аоста Аңғары провинцияларында орналасқан тау сілемі. Ол Пеннин Алпілерінің бөлігі болып табылады және Маттерхорн орналасқан тау тізбегінде шоғырланған.

Quick facts Сипаттамасы, Аумағы ...

Массивтің биік шыңы — Дюфур шыңы (нем. Dufourspitze, фр. Pic Dufour) 4634 м көтерілген және де Швейцарияның ең биік нүктесі болып табылады.

Монте-Розаның солтүстік баурайларының фирн далаларынан Пеннин Алпілерінің ірі мұздығы — Горнер (ұзындығы 14,1 км, ауданы 68,9 км²) өз бастауын алады. Горнер мұздығының басты бастауы — Монте-Роза. Монте-Розаның шыңдарының біреуінде ХХ ғасырдың дәстүршіл-ойшылы Юлиус Эвола жерленген.

Remove ads

Шыңдары

  1. Дюфур шыңы (нем. Dufourspitze), 4634 м;
  2. Дюнан шыңы (нем. Dunantspitze), 4632 м;
  3. нем. Grenzgipfel, 4618 м;
  4. Норденд (нем. Nordend), 4609 м;
  5. Цумштайншпитце (нем. Zumsteinspitze), 4563 м;
  6. Зигналькуппе (нем. Signalkuppe), 4554 м (мұнда Еуропадағы ең биік Regina Margherita тау панасы орналасқан, сонымен қатар тау ауруларын зерттейтін орталық пен метеорологиялық станция да бар);
  7. нем. Grenzsattel, 4453 м;
  8. Парротшпитце нем. Parrotspitze, 4432 м;
  9. Людвигсхёэ нем. Ludwigshöhe, 4341 м;
  10. Шварцхорн нем. Schwarzhorn, 4322 м;
  11. фр. Pyramide Vincent, 4215 м;
  12. нем. Balmenhorn, 4167 м;
  13. итал. Punta Giordani, 4046 м.


Remove ads

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads