Мораторий

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Мораторий (латын moratorіum – кейінге қалдыру, соза тұру) – мемлекеттің өз іс-әрекетінің, халықаралық міндеттемелерінің, шарттарының орындалуын тоқтата тұруы. Бұл ұғым азаматтық құқықта да мемлекет белгілейтін міндеттемелердің белгілі бір кезеңге немесе төтенше жағдайға байланысты тоқтай тұруын білдіреді. Мораторий жариялауға соғыс, апат секілді төтенше және өзге де жағдайлар себеп болады. Сонымен бірге Мораторий мемлекеттің қайсыбір іс-шараны жасауы да, жасамауы да ықтимал екендігін білдіреді, тіпті бас тартуының көрінісі болып табылады. Әдетте ол қоғам өміріне үлкен өзгеріс әкелетін, ел болып кеңесіп барып шешетін жалпыхалықтық мәселелерге қатысты жарияланады. Мысалы, 2003 жылы 17 желтоқсанда ҚР ПрезидентініңҚазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий жариялау туралы” Жарлығы шықты. Демократия өркениетке ұмтылған Қазақстан өлім жазасын алып тастаған өркениетті елдер үрдісінен тыс қала алмайды. Алайда оған қоғамның дайын немесе дайын еместігі – екіұшты мәселе. Сол себепті бұл Мораторий қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған республиканың құқықтық саясатындағы маңызы зор қадам болды. Қоғам пікірі жинақталып, кеңінен талқыланып барып өлім жазасын алып тастау не қалпында қалдыру туралы шешім қабылданбақ.[1][2] [3]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads