Морфография
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Морфография (грекше morphe – пішін, түр және grapho – жазамын, суреттеймін) – геоморфологияның бөлімі. Жер беті бедерінің сыртқы белгілерін (биіктігін, тереңдігін, жер бетінің тілімделу сипатын, орналасуын, т.б.) жер бедерінің жаралу жағдайы мен жасына байланыссыз сипаттау тәсілі. Морфографиялық талдау (жер бедерінің Морфографиялық типтерінің орография сұлбаларын жасау, т.б.) әуелі жер бедерінің статикасы (қозғалыссыз, тыныштық жағдайы), сосын кинематикасы (қабаттардың вертикалдық жылжуы, ауысуы), динамикасы (қабаттардың үздіксіз, күшті тербелісі) және даму тарихы туралы толық мағлұмат береді.[1]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads