Нарын

From Wikipedia, the free encyclopedia

Нарын
Remove ads

Нарын (қыр. Нарын) — Қырғызстандағы қала, Нарын облысы мен Нарын ауданының әкімшілік орталығы.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
 Басқа мағыналар үшін Нарын деген бетті қараңыз.

Халқы — 34800 адам (2009). Қала аумағының көлемі — 40,5 мың км²

Remove ads

Географиясы

Қала Нарынтау жотасының баурайындағы Нарын қазаншұңқырында, теңіз деңгейінен 2000 м биіктікте, Нарын өзенінің бойында, Бішкек — Торугарт автомобиль жолының қиылысында орналасқан. Қаладан 180 км солтүстікке қарай, Ыстықкөлдің жағасында Балықшы темір жол станциясы орналасқан. Қытаймен шекарада, Нарыннан оңтүстікке қарай орналасқан "Торугарт" шекара пунктіне дейінгі арақашықтық  — 186 км[2].

Remove ads

Климаты

Қысы суық, көбіне қарсыз және жазы салыстырмалы түрде салқын болып келетін континентті климат. Шілденің орташа температурасы +15 ˆС-тан +30 ˆС-қа дейін, қаңтарда -15 ˆС-тан -18 ˆС-қа дейін. Жауын-шашын жылына орта есеппен 200-ден 300 мм-ге дейін жауады.

Тарихы

Thumb

Көптеген өзге де ортаазиялық қалалар сияқты Нарын да Шығыс Түркістаннан (Қашғар) Орта Азияға апаратын сауда жолы бойындағы шағын қамал ретінде құрылған болатын. XIX ғасырдың ортасына дейін бұл жерде айтарлықтай қала болған емес. Орта Азияның Ресей империясына қосылуынан кейін 1868 жылы осында орыс гарнизоны орналасты және осы сәттен бастап қала құрылысы басталады.

1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін Нарын Қызыл армия бақылауына өтті, бірақ 1920 жылы осында кеңес әскерлері мен ақ гвардияшылар арасында қақтығыс болды. Кейін қантөгіс айқастардан кейін мұнда Кеңес үкіметі орнады. 1927 жылы Нарын сол кезде құрылған Нарын облысының әкімшілік орталығы болды[3].

Қазіргі кезде Нарын өзімен аттас облыстың мәдени-әкімшілік орталығы болып табылады және "Нарын" еркін экономикалық аймағында орналасқан. Дәл осы жерде қалалық және облыстық бағыныстағы мемлекеттік, жеке және қоғамдық ұйымдардың бас кеңселері, Қырғызстан СІМ-нің консулдық бөлімі, "Торугарт" кеден басқармасы орналасқан[2].

Оқу орындары

  • С.Нааматов атындағы Нарын мемлекеттік университеті[4]
  • Нарын медициналық училищесі
  • Нарын педагогикалық училищесі

Белгілі тумалары

  • Мұратбек Рысқұлов — драматург
  • Жұмамүдін Шерәлиев — композитор
  • Тәттібүбү Турсунбаева — театр және кино актрисасы

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads