Нахшыван Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Нахшыван Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (әз. Нахчыван Мухтар Совет Сосиалист Республикасы / Naxçıvan Muxtar Sovet Sosialist Respublikası) — Әзірбайжан КСР құрамындағы автономиялы республика. 1924 жылы 9 ақпанда құрылған.
1920 жылы облысты Қызыл Әскер басып алды. 1920 жылы шілдеде Нахшыван кеңес республикасы құрылды. 1923 жылы ақпанда Әзірбайжан КСР қарамағында Нахшыван автономиялы өлке құрылды, ол 1924 жылы ақпанда Нахшыван Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасына айналды.
1990 жылғы қарашадан бастап - Әзірбайжан Республикасының құрамында Нахшыван Автономиялық Республикасы.
Республикалық «Шәрг гапысы» (әзірбайжан тілінде) және «Кеңестік Нахчыван» (орыс тілінде) газеттері шығарылды.
Remove ads
Әкімшілік бөлініс
1930 жылдан бастап Нахшыван АКСР 6 ауданға (Абракүн, Жулфа, Ленин, Нахшыван, Сталин, Шаһбұз) және республикалық бағыныстағы Нахшыван қаласы болып бөлінді. 1930 жылдардың бірінші жартысында Ленин ауданы Ордубад, Сталин - Норашын болып өзгертіліп, Жулфа ауданы таратылды (1936 жылы қалпына келтірілді). 1948 жылы Абракүн ауданы таратылды. 1963 жылы қаңтарда Ордубад және Шаһбұз аудандары таратылды. Сол жылы мамырда Ордубад республикалық бағыныстағы қалаға айналды. 1964 жылы Норашын ауданы Ильичевский болып өзгертілді. 1965 жылы қаңтарда Ордубад пен Шаһбұз аудандары қалпына келтіріліп, Ордубад қаласы республикалық бағынудан аудандыққа ауыстырылды. 1978 жылы Нахшыван ауданының атауы Бәбек болып өзгертілді. 1980 жылдары Жулфа мен Ордубад республикалық бағыныстағы қала мәртебесін алды.
1987 жылы 1 қаңтарда Нахшыван АКСР әкімшілік бөлінісі келесідей көрінді:
- Бәбек ауданы. Орталығы — Бәбек кенті
- Жулфа ауданы. Орталығы — Жулфа қ.
- Ильичевский ауданы. Орталығы — Ильичевск қ.
- Ордубад ауданы. Орталығы — Ордубад қ.
- Шаһбұз ауданы. Орталығы — Шахбуз кенті
- Жулфа қаласы
- Нахшыван қаласы
- Ордубад қаласы
Remove ads
Тұрғындары
- 1926-1989 жылдардағы Бүкілодақтық санақтардың мәліметтері бойынша Нахшыван АКСР халқының саны мен этникалық құрамының динамикасы
Remove ads
Сілтеме
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads