Неврология

From Wikipedia, the free encyclopedia

Неврология
Remove ads

Неврология (лат. neurologia, көне грекше: νεῦρον — жүйке, λόγος — сөз) немесе Жүйкетанужүйке жүйесі туралы морфологиялық ілім. Адам мен жануарлар организмдерінің жүйке жүйесі дене мүшелері мен мүшелер жүйелерінің қызметтік біртұтастығын және олардың белгілі бір ортаға бейімделуін реттеп басқарып отырады. Жүйке жүйесі мүшелерінің негізін жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке ұлпасының рефлекторлық қызметін нейроциттер (жүйке жасушалары) іс жүзіне асырады. Жүйке жүйесі денедегі орналасу орындарына байланысты орталық жүйке жүйесі және шеткі жүйке жүйесі бөлімдеріне бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Шеткі жүйке жүйесін: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке түйіндері, жүйке тораптары, жүйке талшықтары және жүйке ұштары құрайды. Қызметіне қарай жүйке жүйесі: сомалық жүйке жүйесі (тері жабыны, тірек-қимыл аппараты мүшелерінің қызметтерін реттейді), парасимпатикалық жүйке жүйесі (ішкі мүшелердің қызметтерін реттейді) және симпатикалық жүйке жүйесі (тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді) бөлімдеріне бөлінеді. Соңғы екі бөлімді біріктіріп, вегетативтік жүйке жүйесі деп атайды.[1]

Thumb
Неврология.
Thumb
ми.
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads