Неплюев Әскери Училищесі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Неплюев Әскери Училищесі, Неплюев кадет корпусы – әскери мамандар даярлаған оқу орны. 1825 ж. 2 қаңтарда Орынборда ашылған. 1844 ж. Орынбор Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды. Оқу орны Азия халықтарын отарлауға қажетті мамандар даярлау мақсатын көздеді. Алғашында арнайы жабық оқу орны болып, қазақ балалары қабылданбады. Кейін кадет корпусындағы екі эскадронның (Еуропалық және Азиялық) біріне, Азиялық эскадрондағы 30 орынға қазақ ақсүйектері мен старшындарының балаларын қабылдауға рұқсат берілді. Бірақ кейін патша үкіметі мұндай оқу орнында қазақ балаларын оқытуды қауіпті деп есептеп, 1868 жыл 4 тамызда қазақ балаларына бөлінген 30 стипендияны жойды. Енді қазақтар ерікті түрде өз қаражатымен оқитын болды. Бұдан кейін корпуста қазақ балаларының саны күрт азайып, бірен-саран ірі байлардың балалары ғана бітіріп шықты.[1]

Remove ads
Сілтемелер
- Суворов кадеттер училищесі
- Училище
- Әскер
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads