Николай Ильич Беляев

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Николай Ильич Беляев (13.2.1903 Уфа губерниясы–1966, Мәскеу қаласы) – саяси қайраткер, Қазақстан Компартиясы ОК-нің 1-хатшысы (1957 – 60).

Quick Facts Лауазымы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы ...
Remove ads

Өмірбаяны

  • 1925 жылы Мәскеу халық шаруашылығы институтын бітірген. 1925 – 1943 жылдары Батыс Сібірдегі жергілікті партия, кеңес органдарында басшы қызметтер атқарды.
  • 1943 – 1955 жылдары Алтай өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы қызметінде болды.
  • 1955 – 1957 жылдары КОКП Орталық Комитетінің хатшысы және РКФСР жөніндегі бюро басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
  • 1957 – 1960 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметінде жұмыс істеді. Беляевтың билігі кезінде Қазақстанда Теміртау жұмысшыларының көтерілісі орын алды. Қарағандыда екі кокс батареясы және екі домна, Соколов – Сарыбай тау-кен байыту комбинаты, Бұқтырма СЭС-і, және басқа өндіріс нысандары дүниеге келді.
  • 1957 – 1959 жылдары Қазақстанға сырттан жарты миллионға жуық адам әкелінді. Өндіріс пен құрылысты басқару жүйесі өзгерді. Осы мақсатта 9 экономикалық аудан құрылды. Әр экономикалық ауданда халық шаруашылығы кеңесі құрылды. Қазақстан бойынша Қазақстандық халық шаруашылығы кеңесі пайда болды. Тың өлкесін құру жұмыстары аяқталды, бірақ бұл реформа өзін ақтамады. Шаруашылық механизмі әкімшілік басқару әдеттерінен экономикалық ынталандыру жолына түсе бастады. Репрессиялық аппарат бәсеңдеді, халықтың тұрмысы біршама жақсарды. Интернационализм үгіт-насихаты бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп, қазақ мектептері көптеп жабылды.
Remove ads

Марапаттары

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads