Нуклеазалар

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Нуклеазалар — гидролазалар тобына жататын ферменттер. Олар нуклеин қышқылының полинуклеотид тізбегіндегі фосфодиэфир байланысын үзу реакциясын жеделдетеді. Нәтижесінде моно- және динуклеотидтер пайда болады. Шеткі мононуклеотидтер экзонуклеозалармен, ал ортаңғылары эндонуклеазалармен үзіледі. Нуклеазалар РНҚ-ын (рибонуклеазалар) және ДНК-ын (дезоксирибоиуклеазалар) немесе екеуін де үзе алады. Нуклеазалар табиғатта кең тараған, олар нуклеин қышкылдарының ыдырауы мен түзілуінде үлкен орын алады. Нуклеазалар ген инженерлігінің ең қажет құралы, олар нуклеин қышқылының белгілі кесінділерін жасайды. Нуклеазалар ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылады. Мысалы нуклеин қышқылының құрылысын зерттеу, гендік талдау жүргізу т. б.

[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads