Ньяса

From Wikipedia, the free encyclopedia

Ньяса
Remove ads

Ньяса (Nyasa), Малави – Оңтүстік-шығыс Африкадағы Мозамбик, Танзания, Малави жеріндегі көл. Шығыс Африка тау қыратындағы тектоник. жарылымда 472 м биіктікте орналасқан[1].

Quick facts Морфометрия, Гидрология ...
Remove ads

Географиясы

Ньяса дүние жүзіндегі аса ірі, әрі терең көлдердің қатарына кіреді (тереңдігі 726 м)[2]. Аумағы 30,8 мың км². Ұзындығы 580 км, ені 80 км. Жағалары тікжарлы, жартасты. Өзен ағыны мен жауын-шашын көлге жылына 72 км3 су қосады. Оның 66 км3-і булануға кетеді. Қалғаны Шире өзені арқылы Замбезиге қосылады. Көлдің суы тұщы. Негізгі су көзі – жауын-шашын. Шығыс жағалауында бірнеше өзендер құяды, ал көлден бір өзен – Шире өзені – ағады. Су деңгейі жыл мезгіліне байланысты өзгереді, жаңбырлы маусымда көтеріледі.

Геологиясы: Көл тектоникалық жарықтардың нәтижесінде пайда болған. Оның түбі грабен (жер қыртысының ойысы) болып табылады. Көлдің түбінде көптеген шөгінділер жиналған.

Климат: Көлдің климаты тропикалық, ыстық және ылғалды. Жаңбырлы және құрғақ маусымдар айқын байқалады.

Remove ads

Флорасы мен фаунасы

Көлде қолтырауын, бегемот және су құстары көп. Балыққа өте бай. Ерте заманнан бері су жолы ретінде пайдаланылып келеді. Ньяса көлі өзінің ерекше биоәртүрлілігімен танымал. Онда мыңдаған эндемик (тек осы жерде кездесетін) цихлид балықтарының түрлері мекендейді. Көлдің жағалауында құстардың, сүтқоректілердің және басқа да жануарлардың көптеген түрлері бар.

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads