Обь

From Wikipedia, the free encyclopedia

Обь
Remove ads

Об, ОбьБатыс Сібірдегі (Ресей) өзен. Ұзындығы 3650 км (Ертісті қоса алғанда). Су жиналатын алабының ауданы 2990 мың км2.

Quick Facts Обь өзені, Сипаттамасы ...
Remove ads

Бастауы

Алтайдағы Бия (Шүй) және Катунь (Қатын) өзендерінің қосылуынан пайда болған. Батыс Сібір жазығы арқылы кең аңғармен ағып, Кара теңізінің Обь кірмесіне, ауданы 4 мың км2 атырау жасап құяды. Аңғарының ені 20 км, жайылмасы 6 км, тереңдігі 6 м.

Салалары

  • Сол — Песчаная, Ануй, Чарыш, Алей, Барнаулка, Касмала, Шегарка, Чая, Парабель, Васюган, Үлкен Юган, Солтүстік Сосьва, Щучья, Сыня;
  • Оң — Чемровка, Чумыш, Бердь, Иня, Томь, Ертіс, Чулым, Кеть, Тым, Киевский Ёган, Вах, Ватинский Ёган, Тромъёган, Пим, Лямин, Казым, Полуй.

Гидрологиясы

Салехард қаласы маңында орташа су ағымы 12500 м3/с. Негізінен қар, жаңбыр суымен толығады. Суының көтерілуі жоғарғы ағысында сәуірмаусым, төменгі ағысында қыркүйекке (40 – 45 км-ге жайылады) сәйкес келеді. Су ағынымен келетін қатты заттардың жылдық мөлшері 16 млн. т. Мұзқұрсау жоғарғы ағысында қарашадан сәуірдің аяғына, төменгі ағысында маусымның басына дейін. Орта ағысының сол жағалауында Юган қорығы орналасқан. Тұрақты кеме қатынасы бар. Об өзенінің саласы – Ертісте Өскемен-Бұқтырма СЭС-ры салынған. Балық аулау кәсібі дамыған.

Сыртқы сілтемелер

Үлкен Кеңестік Энциклопедия Мұрағатталған 6 қараша 2015.

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads