Об (департамент)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Об (фр. Aube) — Францияның солтүстік-шығысындағы департамент, Шампань-Арденне аймағындағы департаменттердің бірі. Департаментке Сенаның негізгі тармағы Об өзенінің атауы берілген. Реттік нөмірі 10. Әкімшілік орталығы — Труа. Халық саны 303298 адам (департаменттер арасында 75-ші орын, 2009 ж.).
Remove ads
Географиясы
Жер аумағы 6004 км². Аумағының әктасқа бай топырағы шарап өнеркәсібінің дамуына зор ықпал етуде.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Департамент 3 округ, 33 кантон және 433 коммунаны қосады.
Тарихы
Алғашында департамент аумағында трикастар мен лингон тайпалары мекен еткен. Біздің заманымыздан бұрын 400 жылға таман халық тығыздығы өте жоғары болған деген мәліметтер кездеседі.

Департамент аумағында Мемлекет тарихындағы маңызды орын алатын екі монастырь құрылған. Клерволық Бернард 1115 жылы Клерво аббатствосының негізін қалады. Ал Параклет аббатствосын философ Пьер Абеляр құрған.
Клерволық Бернард 1129 жылы Труа шіркеу соборында сөз сөйлеуіннен бастап танымал бола бастады. Онда ол нәтижесі ауыр болған Екінші крест жорығына халықты шақырды.
Remove ads
Сілтемелер
Тағы қараңыз
![]() |
Бұл — Франция географиясы туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads