Ойраттар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ойраттар (батыс моңғолдар; қыт. элюттер, eleuths; мұсылм. қалмақ(тар), кейде жоңғарлар, орыс. джунгары, зюнгары, зенгоры, моңғ. ойрад, қалм. өөрд)
- Бір-біріне жақын туыс болып келетін, Ресей Федерациясында (Қалмақия Республикасы), Қытай Халық Республикасында (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы мен Цинхай провинциясы), Моңғолияда (батыс аймақтар) мекендейтін түркітектес халықтарының тобы.
- Батыс "моңғолдардың" орта ғасырлардағы атауы (XIII ғасырдан бері таныс). Ойраттар (ойрат-дорбенттер) түркі тұқымдас, олар қият руынан шыққан Тууа-Соқырдың (оның інісі Табын-Мерген Шыңғыс ханның арғы бабаларының бірі) төрт ұлынан тараған. Моңғол империясы ыдырағаннан кейін (XIV-XVI ғасырлар) ойраттар Дүрбен-Ойрат бірлестігін құрып, XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында бөлініп кетті. Жоңғарияны мекендеген тайпалардың бір бөлігі ешқайда көшпей Жоңғар хандығының негізін, бір топ Тибетке қарай бет алып, Кукунор (Хошоуыт) хандығының негізін, үшінші топ батысқа қоныс аударып, Қалмақ (Торғауыт) хандығының негізін қалаған.
Remove ads
Қоныстану аумағы

Ойраттар Моңғолияның батысын (Убсунур және Қобда аймақтары), Ресей Федерациясын (Қалмақия Республикасы), Қытайдың батысын (ШҰАА мен Цинхай провинциясы) мекендейді. Ойраттардың Қытайдағы үлкен топтары төмендегі аймақтарда қоныстанған:
- Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданындағы Жоңғар қазаншұңқырында (Іле-Қазақ автономиялы округінде 65 мыңға дейін, Баянкөл-Моңғол автономиялы округінде 45 мыңға дейін, Бөрі-Тала-Моңғол автономиялы округінде 25 мыңға дейін).
- Цинхай провинциясының солтүстігі мен шығысында (90 мыңға дейін). Ойрат тілінің кукунор диалектін қолданады.
2015 жылғы мәліметтерге қарағанда Қытай Халық Республикасындағы ойраттардың жалпы саны 390 мың адам шамасында.
Ойраттардың Моңғолиядағы негізгі мекендері:
- Қобда аймағы (захчиндер (31,2 мың), мингаттар (8,2 мың), торғауыттар (13 мың)).
- Убсунур аймағы (дербеттер (70,3 мың), баяттар (53,2 мың), хотондар (6,9 мың)).
- Баян-Өлке аймағы (өлет пен жоңғарлар (11,3 мың)).
2007 жылғы санақ бойынша ойраттардың Моңғолиядағы жалпы саны 205 мың адам.
2002 жылғы жалпыресейлік санақ бойынша қалмақтардың (торғауыттар, дербеттер, хошоуыттар, бузавтар) Ресейдегі жалпы саны 175 996. Оның 155 938-і Қалмақия Республикасында (республикадағы үлесі 53 %) тұрған[6]. Ойраттардың кішігірім топтарын Орталық Азияда (Қырғызстандағы 5-10 мың сарт-қалмақтар), Кавказда, «алыс шетелдегі» АҚШ (2 мың адам) пен Францияда (1 мың адам) кездестіруге болады.
Ойрат қоғамындағы діншіл адамдар негізінен буддизмнің тибеттік Гелуг мектебінің өкілдері.
Remove ads
Тарихы

Тарихи деректерде ойраттар XI - XII ғасылардан белгілі. Шыңғыс хан империясы құрылғаннан кейінгі кезеңде ойрат қауымы Жошы ұлысы билігінде болған.
Н.Я. Бичуриннің тұжырымына сәйкес Ойрат одағының қалыптасуына Юань империясының 1368 жылғы ыдырауы түрткі болды. Бичурин алғашқы одақ құрамына чорос, хошоуыт, торғауыт, дербет тайпаларын жатқызған.
Г.О. Авляевтің пікірінше, ойраттардың арғы аталарына ойрат тайпаларын (олёт, батут, хойт, кэргуд) ғана емес, цзубу тобының тайпаларын (керейіт, найман, меркіт) да қосу қажет.
Хошоуыт нойоны Батыр-Ұбашы Түмен 1819 жылғы «Дүрбен-ойраттардың тарихы» еңбегінде ойрат одағының құрамы төмендегідей болды:
- элөт тайпасы - бірінші ойрат.
- хойт және баатут тайпалары - екінші ойрат.
- баргут және бураат тайпалары - үшінші ойрат.
- дербет, жоңғар, хошоуыт, тумэт тайпалары - төртінші ойрат[7].
«Хо Өрлөг» тарихи шығармасын зерттей келе дүрбен-ойрат (төрт-ойрат) одағының 3 кезеңін анықтай аламыз:
- Алғашқы Төрт Ойрат (Türügün Dörben Oyirad, 1437-1502)
- Ортаңғы Төрт Ойрат (Dumdadu Dörben Oyirad, 1502-1637)
- Кейінгі Төрт Ойрат (Segül-ün Dörben Oyirad, 1637-1758)
Remove ads
Алғашқы Ойрат Одағының құрамына элөт, хойт және баатут, баргут және біріккен 4 анги (ру-тайпалық бірлестік) кірген. Дүрбен-ойраттардың алғашқы одағының шарықтау шегі Тогон тайшы (1439 жылы қайтыс болды) мен оның қлы Эсэн тайшының (1440-1454) тұсына сәйкес келді[8][9].
Эсэн тайшының өлімінен кейін ойрат одағының тоқырау кезеңі басталып, одақтың ыдырауына алып келді. «Хо Өрлөгтің» белгісіз авторы одақтың ыдырауын элөт тайпасының 1502 жылы батысқа көшіп, қалған ойраттармен одақтық қарым-қатынасын тоқтатуымен байланыстырады. Кейін хойттардың жартысы баатут, хошоуыт, торғауыт тайпаларына қосылған. Орыс мемлекетінің шығысқа енуі буряттардың вассалға айналуымен аяқталды. Екінші Ойрат Одағының құрамына хошоуыт, элөт (жоңғарлар), торғауыт, дербет тайпалары кірген[8][9].
Remove ads

Екінші Ойрат Одағының ыдырауы хошоуыттардың Кукунор, торғауыттардың Еділ бойына қоныс аударуымен аяқталды. Хошоуыт тайпалары өз ықпалынан айырылып, элөттер (жоңғарлар) және оларға туыс болып келетін дербеттер басты рөлге ие болды. Дәл осындай саяси жағдайда 1637 жылы Кейінгі Ойрат Одағы құрылды. Оның құрамы төмендегідей болды:
- хошоуыттардың жартысы - бірінші ойрат;
- торғауыттардың орнын басқан жоңғарлар - екінші ойрат;
- дербеттер - үшінші ойрат;
- хойттардың жартысы - төртінші ойрат[8][9].
1755 – 1757 жылдары Цинь империясы Жоңғар хандығына бірнеше дүркін шабуыл жасап, халықты аяусыз қырып жойды.
Remove ads
Генетикалық қоры
Қалмақ халқын құрайтын үш негізгі тайпаның (торғауыт, хошоуыт, дербет) 426 өкілін зерттеудің қорытындысы бойынша негізгі гаплотоптар төмендегідей жиілікпен кездескен[10]:
- C-M48: 38,7%
- C-M407: 10,8%
- N1c: 10,1%
- R2:7,7%
- O2:6,8%
- C2 (M407 емес, M48 емес): 6,6%
- O1b: 5,2%
- R1:4,9%
- Қалғандары: 9,2%
Тағы қараңыз
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads