Ойыл (өзен)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Ойыл (өзен)
Remove ads

ОйылЖайық алабындағы өзен.

 Басқа мағыналар үшін Ойыл деген бетті қараңыз.
Remove ads

Географиялық орны

Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары жерімен ағады.

Бастауы

Ақтөбе облысындағы Қандыағаш темір жол станциясының солтүстік-батысында 50 км жерден басталып, Тайсойған құмында (Атырау облысы) бірнеше тармаққа бөлініп, Каспий маңы ойпатындағы Жалтыркөл, Ақтөбе көлдері аралығындағы Қаракөл қонысы тұсында тартылып қалады (ертеде Жайық өзеніне құйған).

Гидрологиясы

Ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 31 мың км2. Өзеннің жоғарғы және орта бөлігіндегі аңғары терең сай-жырамен тілімденген, төменгі бөлігі белесті жазықпен ағады. Негізгі арнасының ені 20 – 40 м. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Көктемде қар суымен өзен деңгейі көтеріледі, минералдылығы азаяды. Жазда иірімдерге бөлініп тұздылығы артады. Жылдық орташа су ағымы Миялы ауылы тұсында 10,8 м³/с. Ірі салалары Ащыойыл, Кенжалы, Қайыңды, Қиыл. Жайылмасы – Ақтөбе, Атырау облыстары шаруашылықтарының шабындығы. Суымен егін, мал суарылады. Өзен бойына Миялы, Ойыл, т.б. елді мекендер орналасқан. Наурыз-мамырда тасып, су деңгейі 10 м, одан да жоғары көтеріледі.[1] [2]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads