Ойыс

құрлықтың мұхит деңгейінен төмен жатқан бөлігі, барлық жағынан тұйықталған, ортасына қарай шұңғыма From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Ойыс – құрлықтың мұхит деңгейінен төмен жатқан бөлігі, барлық жағынан тұйықталған, ортасына қарай шұңғыма.[1] Ойыс тектоникалық, карстық, эрозиялық болып бөлінеді. Кейде Ойыс термині "қазаншұңқыр", "депрессия", "тектоникалық", "майысу" терминдерінің синонимі ретінде колданылады.[2] Мұхит түбіндегі тар әрі терең Ойыс терең сулы шоңғалдар деп аталады. Тектоникалық ойыс – тектоникалық қозғалыстар әсерінен; карстық ойыс – карст облыстарында ойылып түсу нәтижесінде; эрозиялық ойыс – өзен эрозиясының әрекетінен пайда болады. Құрлықтағы ең терең ойыс – Турфан ойысы (–154 м, Қытай). Мұхит түбіндегі ойыс – шұңғыма деп аталады. Ең терең мұхит ойысы – Мариана шұңғымасы (–11022 м). Қазақстанда Қарақия (–132 м), Қауынды (–57 м), Қарынжарық (–52 м), т.б. ойыстар бар.

Remove ads

Ішкі сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads