Океания Футбол Конфедерациясы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Океания футбол конфедерациясы — (ағылш. Oceania Football Confederation (OFC)) — Әлемдік футболдың алты құрлықтық конфедерацияларының бірі. Ол аймақтағы футболдың дамуын қадағалайды. Әлем чемпионаттарында қатысу үшін қауымдастық мемлекет құрамаларының арасында іріктеу турнирін өткізіп тұрады. Бұл конфедерация басқаларына қарағанда әлсіз болып келеді, 2010 жылдың желтоқсанында қауымдастықтың ең мықты құрама командасы, Жаңа Зеландия, ФИФА рейтингісінде 63 орында тұрды, ал екінші үздік құрама командасы, Фиджи, 152-ші орында тұрса, Американ Самоасы мен Папуа-Жаңа Гвинея басқа аймақтың құрама командаларымен соңғы, 0 ұпаймен рейтінгтің 203—207-ші орындарында тұрды.
Remove ads
Тарихы
Конфедерацияның негізі 1966 жылы қаланды. Австралия, Жаңа Зеландия федерациясы және Фиджи футбол қауымдастығы негізін қалаушы мүшелері. 1996 жылы толымды конфедерация сияқты ОФК статусы орнатылды да ол ФИФА комитетіндегі орынға рұқсат алды.

1998 жылы ОФК жаңа эмблемасын ұсынды және Толқын атауы астында ресми баспасөз ашты.
Мүшелері
Әлем чемпионаттарында
- 1974 — Аустралия
- 1982 — Жаңа Зеландия
- 2006 — Аустралия
- 2010 — Жаңа Зеландия
Турнирлері
- Тынық мұхит ойындары
- Тынық мұхит ойындары кубогы
- Микронезия кубогы
- Полинезия кубогы
- Меланезия кубогы
- Ванток кубогы
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads