Ондатр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ондатр (лат. Ondatra zibethicus) – кеміргіштер отрядына жататын терісі бағалы аң болып саналады. Қорек талғамайды, негізінен су өсімдіктерімен қоректенеді. Жылына 2 – 3 рет көбейіп, 25 – 30-ға дейін ұрпақ бере алады. Көктемде туған жас Ондатрлар шілде – тамыз айларында көбеюге қатыса береді. Олар – туляремия және паратиф ауруын таратушылар. Терісі үшін көп ауланады.[2]

Remove ads
Сипаттамасы
Дене тұрқы 35 см-дей, құйрығының ұзындығы 28 см-дей, салмағы 1,5 кг-дай. Құрлықта да, суда да тіршілік етеді. Мойны қысқа, артқы аяқтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын, жүзген кезде денесін бағыттап отырады. Түгі қалың да тығыз, қою қоңыр кейде қара түсті. Ұйығу кезінде аталықтарының шап безінен мускус (жұпарзат) заты бөлінеді.
Мекені
Шыққан жері – Солтүстік Америка. Қазақстанға 1935 жылы әкелініп, Сырдария және Іле өзендерінің бойына (570-тей дарабасы) жіберілді. Қазір республиканың барлық өзен-көлдерінде 350 мыңдай Ондатр кездеседі (2005). Бұлар өзен жағасы биік болса, бұраңдата ін қазады, аласа, батпақты келсе, үйшік салады.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads