Ономастика
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ономастика (грек onomastіke – ат беру өнері) – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Жалқы есімдерге кісі, жануарлар аттары, халық, ұлт, ру-тайпа атаулары, жер-су, аспан денелері жатады.[1] Ономастика заттарды жекелеп атайтын жалқы есімді зерттейтін тіл білімі саласы. Ономастика термині сонымен бірге жалқы есім жиынтығын казіргі ғылымда “онимия " ретінде белгілі онимдерді (rp. unoma, unuma “есім, атау") атау үшін қолданады. Жеке ел, аймақ немесе мәтіндегі жалқы есімдердін тізбегі "ономастика " (лексикон сөзіне сай) деп аталады. XX ғ. 60-жылдарындағы жеке ономастикалык еңбектерде ономастика термині антропонимика, яғни адамның есімдер жиынтығы мағынасында қолданылған[2].
Ғылыми пән ретінде құрылғанға дейін ономастика үш кезеңді басынан өткізді:
- ғылымға дейінгі (XIX ғ. дейін);
- ономастиканың ғылым ретінде қалыптасуындағы аддынғы кезен (ХІХ-ХХ ғ. басы);
- ғылыми (XX ғ. 30-жылдарынан қазірге дейін).
Қазак ономастикасы өз кезегінде әлемдік еңбектерге, соның ішінде орыс, түркі ономастикасының еңбектеріне сүйене отырып, Ғ.К. Қоңқашпаев, Е. Қойшыбаев, Т. Жанұзаков, А. Әбдірахманов. Ә.Т. Қайдаров, В.Н. Попова. О.А. Сұлтаньев жүйелі зерттеулерінің арқасында дамыды.
Ономастика атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді. Ол зерттеу нысанына қарай топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика секілді түрлерге бөлінеді. Топонимика географиялық атауларды зерттесе, антропонимика кісінің аты-жөнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін қарастырады. Этноним - ұлттық ру-тайпа қатысты мәліметтер жинағы.
Remove ads
Мысалдар
Қазақ тіліндегі әйел есімдері гүл, күн, ай, сұлулық, асыл тастармен байланысты болса, ерлер есімі батыр, бек, би, құл, мырза, хан сөздерімен, сан есімдермен бірлікте келуімен ерекшеленеді. Араб, парсы тілдерінен енген есімдер де (Жамал – сұлу, Абдолла – құдайдың құлы, Нәзипа – таза, пәк) кездеседі. Этнонимика ел, ру аттарын, астронимика (космонимика) аспан әлемі, жұлдыз, планета атауларын, зоонимика жануар, фитонимика өсімдік, теонимика құдай аттарын, рухтар мен мифтік түсініктерге байланысты атауларды тексереді.[3][4]
Ономастика халықтың этнографиясымен тығыз байланыста қаралып, басқа халықтармен жүргізген тарихи, мәдени қарым-қатынастың сыр-сипатын танытады. Ономастика қазақ тілінде ғылым ретінде соңғы 20 жыл ішінде дами бастады.[5]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads