Оппонент
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Оппонент (лат opponens – қарсы пікір айтушы) – ғылыми баяндамаға, диссертацияға талдау жасап, баға беруші және қарсы пікір айтушы адам.[1][2] Ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысқа 2 ресми Оппонент белгіленеді. Оның бірі диссертанттың ғылыми саласы бойынша ғылым докторы, екіншісі ғылым кандидаты немесе сол салада қызмет етіп жүрген маман болуға тиіс. Ғылым докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғау кезінде кемінде 3 ресми Оппонент (ғылым докторларынан) белгіленеді. Ресми емес Оппоненттер санына шек қойылмайды. Ресми Оппонент диссертацияға жан-жақты мұқият талдау жасап, оның негізінде жазбаша сипаттама береді. Диссертация қорғау үстінде Оппонент өз қорытындысын көпшілік алдында жариялайды және ғылым кеңес мүшелерінің диссертацияны талдауына қатысады.
Remove ads
Сілтемелер
- Диссертация
- Кандидат
- Доктор
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads