Опунция
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Remove ads
Өсімдік туралы
Опунция – кірпігүлдер тұқымдасына жатады. Опунция тұқымдасы опунциялар тобын құрайды. Олар бір-біріне ұқсас болмағанымен, ортақ белгілері бар. Оларды ұсақ түк секілді тікендері (глохидий) арқылы басқа кірпігүлдерден ажыратуға болады. Көзге аса байқалмайды, бірақ жалаңаш қолмен ұстаса, қолға тікендері жабысып кіріп, шаншып ауыртады. Сондықтан опунциямен жұмыс істегенде, қолға қолғап киіп сақтану қажет. Опунцияның көп түрлерін үй жағдайында өсіруге келмейді. Көлемдері өте үлкен, әрі аса сәнді емес. Үй жағдайында гүлдеуі екі талай. Бөлме гүлі ретінде шағын болып өсетін түрлерін таңдау қажет. Опунцияға қыста құрғақ әрі салқын температуралық жағдай жасалса жаз айларында гүлдейді.
Remove ads
Жарығы
Жарық жерді ұнатады, тіке түскен күн сәулесін қажет етеді.
Жылуы
Қыс айларында 8-10ºС салқындылық қажет, егер осы температуралық жағдай сақталмаса өсімдік гүлдемейді.
Суғарылуы
Көктем-жаз айларында молынан, бірақ сирек суғарады. Күзден бастап суғаруды қысқартады. Қыс айларында мүлдем суғармайды.
Ылғалдылығы
Ылғалдалықты қажет етпейді.
Қоректендірілуі
Көктем-жаз айларында кірпігүлге арналған тыңайтқышпен қоректендіреді.
Аурулары
Ауру мен зиянкестерге шалдыға бермейді. Артық суғарғаннан шіріп кету қаупі бар.
Көбейтілуі
Тұқымы мен қалемшелеу арқылы көбейтеді.
Сілтемелер
- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads