Ориноко
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ориноко(Orіnoco) – Оңтүстік Америкадағы Венесуэла мен Колумбия жеріндегі өзен. Ұзындығы 2730 км. Алабының аумағы 1086 мың км.

Географиясы
Шығыс Кордильераның Сьерра-де-Периха жотасының батыс беткейінен басталып, Льянос жазығы арқылы Атлант мұхитына атырау жасап құяды. Негізгі салалары: Вентуари, Каура, Карони (оң), Гуавьяре, Вичада, Мета, Араука, Апуре (сол). Ориноко өзенінің жоғарғы телімінен бөлініп шығатын Касикьяре өзені Амазона өзені алабына құятын жылдық ағынның 1/3-ін құрайды. Мета өзенінің сағасына дейін Ориноко таулы-төбелі жермен ағып, шоңғалдар мен су құламалар (биіктігі 17 м) түзеді. Орта және төменгі ағысындағы аңғары кең (3 – 10 км), жекелеген жерлерде арнасы тарылады. Барранкас қаласынан төмен атырау (ауданы 20 мың км2) жасап, өзен 36 тармаққа бөлінеді; Макарео тармағы бойынша 400 км-дей жерге кеме қатынасы жүзеге асырылған. Жылдық орташа су ағымы 915 км3, сәуірден қазанға дейін созылатын жаңбырлы маусымда тасқын болып тұрады.
Remove ads
Маңызы
Ориноко алабындағы кеме жолының жалпы ұзындығы 12 мың км-дей. Теңіз кемелері – Сьюдад-Боливар қаласына, өзен кемелері – Пуэрто-Аякуча қаласына, жаңбырлы маусымда Гуавьяре өзеніне дейін көтеріледі. Ориноко алабында көптеген СЭС салынған.
Жағалауындағы елді мекендер
Жағалауларындағы ірі қалалар: Санта-Барбара, Пуэрто-Аякучо, Сьюдад-Боливар, Пуэрто-Ордас (Венесуэла), Пуэрто-Карреньо (Колумбия).[1]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads