Оркестр

From Wikipedia, the free encyclopedia

Оркестр
Remove ads

Оркестр[1](грек. оrсhestraежелгі грек театры сахнасы алдындағы шағын алаң) – музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы. Оркестрдің қалыптасуы 17 ғасырдың бас кезінде гомофония музыкалық жанрларының (опера, оратория, концерт) пайда болуымен сәйкес келеді. Оркестр аспаптық құрамына (біркелкі немесе аралас) және қолдануына (әскери, эстрадалық, т.б.) қарай топталады. Құрамына қарай оркестр: симфониялық (ішекті ысқылы, ағаш және мыстан жасалған үрмелі аспаптар, соқпалы аспаптар, т.б.), ысқышты (тек қана ысқышты аспаптар), үрмелі (үрлеп ойнайтын және соқпалы аспаптар), бэнд (тек қана мыстан жасалған аспаптар), халықтық музыка аспаптар, камерон, джаз, т.б. түрлерге бөлінеді. Қазақстанда кәсіби халық аспаптар оркестрі 1934 жылы құрылды. Республикада: Халық аспаптар оркестрі, Симфониялық оркестр, Қазақ телевизиясы мен радиосының эстрадалық және камералық оркестрі, “Отырар сазы” фольклорлық-этнографиялық оркестрі, Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, Ұйғыр, Корей музыкалық комедия театрларының оркестрлері, т.б. бар.[2]

Thumb
Симфониялық оркестр
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads