Шаттауық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Шаттауық немесе орман жаңғағы (лат. Corylus) – қайың тұқымдасына жататын бұта.[1]
Еуропаның орман белдеуінде, Азияда және Солтүстік Америкада өсетін 20-ға тарта түрі бар. Қазақстанда Жайық өзенінің жағалауларында өсетін бір ғана түрі – кәдімгі шаттауық немесе кәдімгі орман жаңғағы (С. avellana) бар. Биіктігі 2 – 5 м, кейде 8 м-дей болады. Жапырақтары үлкен сопақша немесе домалақ, шеті тілімденген. Тұқымынан, шыбығынан, тамыр атпалары және сұлама бұтақтары арқылы көбейеді. Наурыз – сәуір айларында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс береді. Бір бұтадан 8 кг-ға дейін жаңғақ алынады. Жаңғақ құрамында 60 – 70% май болады. Жемісі 2 – 5-тен топталып, кейде дараланып өседі; сопақша, қоңырқай түсті, жеуге жарамды. Көлеңкеге төзімді орман жаңғағы ылғал топырақтарда, әсіресе орманның сұр топырағында және қара топырақты жерлерде жақсы өседі. 80 жылдай өмір сүреді.[2]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads