Ортоклаз
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ортоклаз (грек. orthos – түзу, кlasіs – бөліну) – силикаттар класының дала шпаттары тобындағы минерал. Хим. формуласы: [[K[AlSі3O8]]]. Басты қоспалары K2O (16,9%), Al2O3 (18,4%), SіO2 (64,7%), қосымша Na2O, CaO, аз мөлшерде ВаО, FeO, Fe2O3, т.б. кездеседі. Моноклиндік сингония да кристалданады. Жеке кристалдары призма тәрізді, телқосақтары жиі кездеседі, ал кристалдық агрегаттары түйірлі, тұтас масса түрінде болады. Түсі ақшыл-қызғылт, қоңырқай сары, кейде қызыл, шыныдай жылтыр, тығызд. 2,5 – 2,6 г/см3, қатт. 6 – 6,5. Гранит, гранит-порфир, кварцты-порфир, сиенит, гнейс, кристалды тақтатастарда негізгі жыныс құраушы басты минерал. О. қышқыл және сілтілі магмалық тау жыныстар, пегматиттердің құрамында болады. О-бен бірге кварц, мусковит, биотит, хлорит, агат,олигоклаз, турмалин, т.б. минералдар кездеседі. О. шыны және керамика өндірісінің шикізаты ретінде қолданылады. О-дың пегматитті кендері Оралда, Сарыарқада, Алтайда, Қиыр Шығыста кездеседі.

Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads
