Охлократия

From Wikipedia, the free encyclopedia

Охлократия
Remove ads

Охлократия (гр. ochlos – тобыр, қара бұқара, kratos – билік) – грек ойшылдарының еңбектерінде кездесетін басқару нысаны; билік жауапсыз популистердің, демагогтардың қолында шоғырланатын, саяси экстремизм түрінде, халық топтарының, тобырдың деструктивті әрекеттерінде, үкіметке, парламентке ультиматум қоюдан, мемлекеттік мекемелерді басып алу, өрт қою, диверсиямен байланысты санасыз акциялардан көрінетін демократияның шектен тыс тұрпайы түрі.[1]

Thumb
Аристотель

Аристотельдің еңбегінде Афинадағы 400-діктің билігі тобыр үстемдігі деп аталады. Себебі сол уақыттарда ақсүйектер биліктен шеттетілді, ал лауазымды қызметтерге қабілетке қарай емес, жеребе арқылы тағайындалды. Жаңа заман тарихында бұл ұғым Ұлы француз төңкерісінің кейбір кезеңдері мен Париж Коммунасы кезіндегі мемл. құрылысты сипаттауда қолданылды. Ол кездерде Францияның негізгі лауазымды қызметкерлерін даурыққан тобыр сайлады. Өз табиғатында охлократия ескі мемл. құрылыс құлап, жаңа тәртіп орнағанға дейін уақытша орын алатын өтпелі басқару нысаны болып табылады.[2]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads