Палеогеография

From Wikipedia, the free encyclopedia

Палеогеография
Remove ads

Палеогеография (гр. palaіos– ежелгі және география) – Жердің өткен геологиялық дәуірлердегі физико-географиялық жағдайларын зерттеумен айналысатын ғылым; Жердің географиялық қабығының даму заңдылықтарын және табиғат пен адамның өзара әрекеттестігінің тарихын зерттейтін ғылым. 19 ғасырдың ортасында қалыптасты. Зерттеу әдістері мен міндеттері жағынан тарихи геологиямен салалас.[1]

Thumb
Континенттердің Пангей заманынан қазіргі заманға дейінгі қозғалысы

Палеогеографияның негізгі мақсаттары: қазіргі табиғи ортаның жағдайын бағалау үшін әр түрлі аймақтағы геологиялық дәуірлердегі табиғи жағдайлардың динамикасын зерттеу; литологиялық-фациялық, ландшафтылық, климаттық және т.б. аймақтық және ғаламдық карталар түріңде кеңістіктегі қайта құрулар әзірлеу; табиғи өзгерістердің себебін анықтау. Палеогеографиялық қайта құру әдістері көне бедердің, тау жыныстарының жату жағдайын, бір жастағы қат-қабаттарды талдауға (соның ішінде олардың заттық құрамын, радиоизотоптық және палеомагниттік қасиетін), үгілу қабығының қалдықтарын, қазба топырақтарды, тоңды формацияларды, флора мен фаунаны, археологиялық қоныстарды зерттеуге негізделген. Палеогеографияға палеогеоморфология, палеоклиматология, палеобиогеография және т.б. жатады.[2]

Басты тәсілі:

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads