Параллелепипед

Параллелепипед – қарама-қарсы жақтары қос-қостан өзара параллель болатын алтыжақ. From Wikipedia, the free encyclopedia

Параллелепипед
Remove ads

Параллелепипед (көне грекше: παραλληλεπίπεδος, παράλληλος – параллель және ἐπίπεδος – жазықтық) – қарама-қарсы жақтары қос-қостан өзара параллель болатын алтыжақ. Параллелепипедтің 8 төбесі, 12 қабырғасы болады, оның жақтары қос-қостан бір-біріне тең параллелограммдар. Егер параллелепипедтің бүйір қабырғалары оның табан жазықтығына перпендикуляр болса (бұл жағдайда оның 4 бүйір жақтары – тік төртбұрыштар), онда ол тік параллелепипед деп аталады. Егер параллелепипед тік және табаны тік төртбұрыш болса (6 бүйір жақтары – тік төртбұрыш), онда ол тік бұрышты параллелепипед делінеді. Барлық жақтары квадрат параллелепипед “куб” деп аталады. Параллелепипедтің көлемі оның табан ауданы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең болады.

Thumb
Параллелепипед.


Remove ads
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads