Паренхима

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Паренхима[1] (гр. parenchyma – жайынан құйылған), жануарларда – кейбір органдарда – бауыр, көкбауыр, бездердегі, өкпеде, т.б. негізгі қызмет атқарушы тін. Өсімдіктерде – ең негізгі ұлпа. Оның атқаратын негізгі қызметі – синтездеу және органик. заттардың қорын жинау. Паренхима клеткаларының вакуоляларында белок, май, антоциан, т.б. заттардың қоры жиналады. Мысалы, ксерофитті өсімдіктердің паренхимасында су, ал гигрофиттердің паренхимасында газ (аэренхима) жинақталады. Сондай-ақ паренхималарға арнайы белоктар, майлар, полисахаридтер, шайыр, эфир майларын синтездеуге бейімделген секреттік клеткалардың әр түрлі типтері де жатады. Паренхимада адамның тағамына және шаруашылық мақсатта қолданатын көптеген өсімдік тектес өнімдердің қоры жиналады.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads