Парменид
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Парменид ((көне грекше: Παρμενίδης); б.з.б. 5 ғасыр) — ежелгі грек философы, элей мектебінің басты өкілі[1][2].
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін Үлгі:Философ енгізу қажет. |

Парменид Ксенофан, Анаксимандрмен идея жағынан байланысты болды. Парменидше дүние қозғалмайтын және тұтасынан толтырылған шар сипаттас. Ол "ақиқат ілімін" (ақиқат болмысын бір тұтас, мәңгілік бөлінбейді, бос қуыссыз) "пікір іліміне" (туып, ауысып отыратын, өзгеретін, бөлшекке бөлінетін, бірінен - бірі алшақ бос қуыстан тұратын көптеген заттар болады) қарама - қарсы қояды, "Ақиқат ілімі" шын, ал "пікір ілімі" шын сипаттас дейді ол. Парменид өзінің "ақиқат ілімін" саналы түрде Гераклит пен оның ізбасарларының диалектикасына қарсы бағыттады. "Пікір ілімінде" Парменид өзінің астрономиялық, физикалық, материалистік ілімінде екі бастаманы мойындайды: белсенді - отты, жарықты және сылбыр - қараңғылықты. Сезімнің мүмкіншілігіне күмәнданып, ой мен болжауға жоғары баға беру Парменидтің іліміне идеализм элементін, керек десе рационализмді енгізді, ал қозғалысты бекерге шығаруы оны ежелгі грек философиясының метафизикасының бастаушысы етті[3].
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads