Патрик Вьейра

From Wikipedia, the free encyclopedia

Патрик Вьейра
Remove ads

Патрик Донале Виейра (фр. Patrick Donalé Vieira; 23 маусым 1976, Дакар) — француз футболшысы, тегі сенегалдық. Жартылай қорғаныста ойнаған, бүгінде бапкер. Қазір Дженоа клубын жаттықтырады[1].

Quick facts Жалпы мағлұмат, Толық аты ...
Remove ads

Карьерасы

Карьерасының көп бөлігі "Арсеналда" өтті. 1996 жылы "Миланда" бір маусым ойнап, Италия чемпионы атанды да, лондондық клубқа барып қосылды. "Арсеналда" тоғыз маусым доп теуіп, үш рет Англия чемпионы атанды. Бірақ клубтық деңгейдегі халықаралық жүлделерді ұту мақсатында 2005 жылы "Ювентусқа" кетті.

2005/6 жылғы маусымда Италия чемпиондығын ұтып алғанымен, Италиядағы жемқорлық пен сыбайластық жанжалынан соң "Ювентустың" бұл жетістігі жоққа шықты да, команда В сериясына түсіп кетті. Төменгі лигада ойнағысы келмеген Вьейра "Интернационалға" ауысты.

2010/11 жылғы маусымда "Манчестер Ситиде" доп тепті.

Ұлттық құрама сапында 1997-2010 жылдары ойнап, 1998 жылы әлем чемпионы, 2000 жылы Еуропа чемпионы атанды.

Remove ads

Жетістіктері

«Милан»
  • Италия чемпионы: 1995/96
«Арсенал»
  • Англия чемпионы: 1997/98, 2001/02, 2003/04
  • Англия кубогы: 1997/98, 2001/02, 2002/03, 2004/05
«Интернационале»
  • Италия чемпионы: 2006/07, 2007/08, 2008/09
«Манчестер Сити»
  • Англия кубогы: 2010/11
Ұлттық құрама
  • Әлем чемпионы: 1998
  • Еуропа чемпионы: 2000

Жеке

  • Құрмет легионы ордені: 1998
  • Англиядағы жыл футболшысы: 2000/01
  • FIFA 100: 2004

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads