Пауло Роберто Фалькао

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Пауло Роберто Фалькао (порт. Paulo Roberto Falcão; 16 қазан 1953 жыл, Абеларду-Лус, Санта-Катарина) — бразилиялық футболшы, Бразилия Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаныс шебінде ойнаған.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Толық аты ...
Remove ads

Футболшы туралы фактілер

  • Фалькао кедей отбасында дүниеге келген. Футбол жаттығуларына баруға жолақы табудың өзі оларға үлкен күш болған, Фалькао жол жөнекей босаған бөтелкелерді жинап, одан қалса құрылыс орындарына барып кірпіш көтерісіп, тапқан ақшасына автобусқа билет алатын.
  • Оның анасы ертеректе Бразилияға көшіп барған италиялықтардың қызы.
  • 1982, 1986 жылдары әлем чемпионатына, 1979, 83 жылдары Америка кубогына қатысқан. Бразилия құрамасының капитаны, 1990-91 жылдары құраманың бапкері болған.
  • 1980-85 жылдары Италияның "Рома" клубында ойнап, біраз жетістіктерге жетті. Оның керемет талантына сүйсінген "мәңгілік қаланың" футбол жанкүйерлері "Римнің сегізінші патшасы" деп атады.
  • 1982 жылғы әлем чемпионатында Бразилия сапындағы бразилиялық клубтарда ойнамайтын екі футболшының бірі болды. Бұл додада Фалькао үш гол соқты. Ал 1986 жылғы әлем чемпионатында екі ойында алаңға шығып, мергендігімен көзге түсе алмады. Осы турнирден соң қайтадан құрама сапында ойнамады.
Remove ads

Жетістіктері

Ойыншы ретінде

Командалық

  • Риу-Гранди-ду-Сул штатының чемпионы: 1973, 1974, 1975, 1976, 1978
  • Бразилия чемпионы: 1975, 1976, 1979
  • Рока Кубогы: 1976
  • Атлантика кубогы: 1976
  • Италия кубогы: 1981, 1984
  • Италия чемпионы: 1983
  • Сан-Паулу штатының чемпионы: 1985, 1987

Жеке

  • Бразилиядағы "Күміс доп" иегері: 1975, 1978, 1979
  • Бразилияның үздік футболшысы: 1978, 1979

Бапкер ретінде

Командалық

  • Риу-Гранди-ду-Сул штатының чемпионы: 2011

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads