Петрофизика

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Петрофизикапетрология ғылымының тау жыныстарының физикалық қасиеттерін, құрамын, құрылымын зерттейтін саласы. “Петрофизика” терминін ғылымға 1953 жылы неміс геофизигі Ф.Фрелих енгізген. Петрофизика қатты денелер физикасы, эксперименттік петрография, эксперименттік минералогия, инжинериялық геология, тектоника, пайдалы қазбалар ілімдерімен тығыз байланысты; тау жыныстарының физикалық қасиеттері (тығыздық, кеуектілік, серпімділік, эл., магниттілік, т.б.) мен құрамын зерттейді. Бұл қасиеттер тау жыныстарынан алынған үлгілерді петрографиялқ тәсілдермен зерттеу, скважиналар каротожы, жербетілік және аэрогеофизикалық түсірулер бойынша анықталады.[1] Зерттеу нәтижесінде алынған Петрофизикалық мәліметтер, жасалған карталар тау жыныстарының түзілу кезі мен кейінгі өзгерістерін және кен орындарының орналасу заңдылықтарын анықтап, инжинериялық-геология міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Петрофизика сейсмологияда тереңдегі сейсмик. өзгерістерді танып-білуге де қолданылады.[2]

Remove ads

Дереккөздер

Тағы қараңыз

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads