Пиноцитоз

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Пиноцитоз (pinocytosis; лат. pinos — жұту, ішу, сіміру; kytos — жасуша) — жасушаның плазмолемма арқылы қоршаған ортадан сұйық затты немесе ерітіндіні нәзік- микроскопиялық мөлшердегі көпіршіктер түрінде жұту процесі[1].

Плазма жарғақшасы арқылы жасушаға әртүрлі заттардың ерітіндісі бар сұйықтық тамшылары өтеді. Ұсақ тамшы түріндегі сұйықтардың сіңірілуі су ішуді еске түсіреді. Бұл құбылыс пиноцитоз (грек. «пино» - ішемін) деп аталады. Сұйықтықты сіңіру әрекеті фагоцитозға ұқсайды. Сұйықтық тамшысы цитоплазмаға батып кетеді де, ондағы ферменттердің әсерінен қорытылады. Фагоцитоз және пиноцитоз әрекетінің жасуша тіршілігіңдегі маңызы өте зор. Себебі жасушадағы зат айналымының тұрақтылығы үшін қажетті кейбір иондар мен молекулалар осы фаго және пиноцитоз жолымен өтеді. Иондар мен молекулалардың тасымаддануына жасушада түзілетін энергия пайдаланылады.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads