Қаржылық пирамида
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Қаржылық пирамида — жаңа адамдарды тарту арқылы, солардың қаражаты есебiнен бастапқы қатысушылардың табысын қамтамасыз ету әдiсi. Яғни, пирамиданың қатысушыларына табыс кейiнгi қатысушылардың салымы есебiнен төленедi. Ондай алаяқтыққа қатысқандар жаңа қатысушы тартқанда жоғары табыстылықты, кез келген жағдайда ақша кiрiстiлiгiн, мансаптық сатыда жылдам көтерiлу туралы уәде бередi. Алайда, шын мәнінде, кейінгі қатысушылардың қаражаты қайтарылмайды.[1]
Тартылған адамдардың ақша қаражаттары одан бұрын салым салған адамдарға ішінара төленіп, сондай-ақ кең көлемді жарнамаға жұмсалады және қаржы компаниясының пайдасына алынады. "Пирамида" ерте ме, кеш пе әйтеуір бір кезде құлайды, бұл жағдайда төменгі қабаттағы қатысушылар өздерінің салымдарын жоғалтады, ал компания не күйрейді, не болмаса жаңа "пирамиданы" құруға кіріседі.
Бірқатар елдердің заңнамасымен, пирамидалық қаржылық операцияларға тыйым салынған.[2]

Remove ads
Қаржылық пирамиданың белгілері
- Қомақты табыс табуға уәде беру: Қаржы пирамидалары ешқандай тәуекелсіз мол табысқа кенелтуді жиі уәде етеді. Олар сізді салған инвестицияңыз қысқа мерзім ішінде екі, я одан да көп есе артатынына сендіруі мүмкін.
- Жаңа серіктестер тартуға тәуелділік: Қаржы пирамидасының қатысушылары, әдетте, жаңа серіктестер тарту арқылы табыс табады. Олар пирамида моделіне сәйкес әрбір шақырылған адам үшін комиссия немесе бонус алып отырады.
- Шынайы өнімнің немесе қызметтің болмауы: Әдетте, қаржы пирамидаларында сатуға болатын өнім немесе қызмет түрі болмайды. Түсетін табыс жаңа қатысушылардың салымына ғана негізделгендіктен, бұл жүйе тұрақсыз болып табылады.
- Ашықтықтың болмауы: Қатысушыларға жүйенің қалай жұмыс істейтінін де, табыс табу механизмін де ашып түсіндірмейді.
- Реттеуші ұйымдарда тіркелмейді: Қаржы пирамидалары, әдетте, тіркелмеген немесе реттеуші ұйымдардың тиісті лицензиясын алмағандықтан, заңсыз болып табылады.
- Қауіптің жоғары деңгейі: Қаржы пирамидасына салымшы болу қаржылық тұрғыдан өте қауіпті. Қатысушылардың аз ғана бөлігі табыс тауып, көпшілігі өз қаражатынан айырылады.[3]
Remove ads
Қазақстанда және ТМД-да
1990-шы жылдардың басында осындай “пирамидалар” ТМД елдерінде пайда болды. Олардың ең ірілері Ресейде “МММ”, “Русский дом Селенга”, “Властелина”, “Чара”, “Тибет”, т.б. Қазақстанда “Смағұлов және Ко”. Олардың бәрі де мемлекеттік органдардың жайбарақат жол беруімен әрекет етті, өздерінің ұзақ уақытқа созылған әрекетсіздігін “заңнамалық базаның” жоқтығымен ақтауға тырысты. “Пирамидалар” түрлі жасанды бағалы қағаздар шығарды.[4]
Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрған және оның қызметiне басшылық жасаған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 217-бабы бойынша мүлкi тәркiленiп, 3 жылдан 12 жылға дейiн бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, пирамиданың қызметiн жарнамалаған адамға да тиісінше жаза қарастырылған.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі өз сайтында ондай ұйымдардың тізімін жариялап, жаңартып отырады. Және ақшаны инвестициялайтын жағдайда, сәйкесті компанияны міндетті түрде тексеруге шақырады.[5]
Remove ads
Тағы қараңыз
- Желілік маркетинг
- Қаржылық сауаттылық
- Чарльз Понци
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads