Планшет

From Wikipedia, the free encyclopedia

Планшет
Remove ads

Планшет (фр. planchette тақтайша) —

  1. топографиялық суретке , түсіруге арналған аспаптар жиынтығына кіретін тегіс төрт бұрышты ағаш тақта және тақтаны үш аяқты мосыға бекітуге арналған құрылғы;
  2. Далалық топографиялық суретке түсіру кезіндегі карта бетінің түпнұсқасы;
  3. Графикалық сызбалар мен олар бойынша есептеулер жүргізуге арналған тендес көрсеткішпен қосылатын сызық торлары бар географиялық карта (сызба қағазының парағы) бекітілген тақта. Бұлар артиллериялық атыс, гидрографикалық жұмыстар жүргізуде және басқа жағдайларда қолданылады;
  4. Әуедегі және теңіздегі жағдайларды суреттеуге, маневр жасау міндеттерін орындауға, нысананы көрсетіп беруге және т.б. арналған әскери-теңіз флоты (ӘТФ) және әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) авиацияларындағы басшылық пункттерінің жауынгерлік-ақпараттық постарындағы арнайы құрылғы. Координаттың тік бұрышты немесе полярлы жүйесінде орындалған ашық (мөлдір) негізді координаталық тор оның құрама бөлігі болып табылады. Бұл құрылғылар механикаландырылған немесе автоматтандырылған болуы мүмкін.[1]
Thumb
Планшет
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads