Полимеразды тізбекті реакция

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) — биологиялық материалдағы анықталатын нуклеин қышқылдарындағы (ДНҚ) аз концентрациялы фрагменттердің айтарлықтай ұлғайтылуын қамтамасыз ететін молекулярлық биологиядағы эксперименталды әдіс.

ДНҚ-ны амплификациялаудан басқа ПТР нуклеин қышқылдарына әр түрлі әсер етуге мүмкіндік береді (мутация, ДНҚ фрагменттерін тұтастыру). Сонымен қатар, ПТР биологиялық және медициналық практикада кеңінен пайдаланылады, мысалы, мирастық немесе инфекциялық ауруларды анықтау, әкелікті орнату, гендерді клондау, жаңа гендерді бөліп шығару, т.б.

Remove ads

ПТР-ды іске асыру

Әдіс нуклеин қышқылының белгілі бір үлескісінің қайталанып отыратын таңдаулы көшірмеленуіне негізделген. Бұл үрдіс ферменттердің көмегімен жасанды жағдайда жүзеге асады (in vitro).

Реакция компоненттері

ПТР-ды ең қарапайым жағдайда жасау үшін келесі компоненттер керек болады:

  • Амплификация жасалатын ДНҚ үлескісі бар ДНҚ-матрица
  • Талап етілетін ДНҚ фрагменті әр түрлі тізбектерінің ұштарына комплиментарлы екі праймер
  • Жоғары температураға тұрақты ДНҚ-полимераза - ДНҚ полимеризациясын катализдейтін фермент.
  • Дезоксирибонуклеозидтрифосфаттар (dATP, dGTP, dCTP, dTTP)
  • Полимеразаның қызметіне қажетті Mg2+ иондары
  • Реакцияға қажетті жағдайларды (pH, ерітіндінің иондық күші) қамтамасыз ететін буферлік ерітінді
Remove ads

Реакция барысы

Әдетте ПТР жүргенде әрбіреуі 3 сатыдан тұратын 25-30 цикл жүзеге асады

Денатурация

ДНҚ тізбектері таралып, ширатылып кетуі үшін екітізбекті ДНҚ матрицасын 94-96°C-қа дейін 0,5-2 мин қыздырылады. ДНҚ тізбектері арасындағы сутектік байланыстар үзілетіндіктен, бұл кезең денатурация деп аталады.

Суыту

Тізбектер бөлінген соң, праймерлер байланысу үшін температураны төмендетеді.

Элонгация

ДНҚ-полимераза матрицалық тізбекті праймерлер арқылы репликациялайды.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads