Полюстік шеңберлер

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Полюстік шеңберлерСолтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы 66"33' ендіктер арқылы өтетін географиялық параллельдер; полюстік күн мен полюстік түннің полюстерден экваторға қарай таралу шегі. Солтүстік және оңтүстік полюстік шеңберлер жүргізіледі.[1] Жылдың алты айында күн шығып, латы айында түн болатын жағдайды елестетіп көрейік. Және осыған өте төмен температураны қосайық, сонда біз Жердің екі ең қонақжайлы емес жерлерімен танысамыз - Солтустік және Оңтүстік полюстер. Бірақ таңғалдыратын жағдай: осы жерлерде жануарлар мен өсімдіктердің барлық молшылықта тіршілік етеді.

Remove ads

Арктика (Солтүстік полюс)

Thumb
Арктика мұздықтары
Thumb
Паулет вулканы (Антарктида)

Арктика-бұл құрлықпен қоршалған, қалқып жүзіп бағытынан ауытқыған мұздың үлкен қабаттары. Солтүстік полюсте жыл бойы мұз ерімей қатып жатады, бірақ оңтүстік жақтарында жазда мұз жарылып ериді. Жаһандық жылыну салдарынан теңіздегі мұздың толығымен еріп кету қауіпі туындап отыр.

Антарктида (Оңтүстік полюс)

Антарктиданың Арктикадан айырмашылығы, оның астында құрлық бар. Континентте ешкім өмір сүрмейдіғ онда өте құрғақ болса да, ол жер суық шөл дала болып есептеледі. Антарктидада болатын аязды жел оны Жер бетіндегі ең суық орынға айналдырады.

Пайдаланылған әдебиет

"Балалардың жаңа энциклопедиясы" ISBN 978-601-01-1126-4

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads