Постимпрессионизм

From Wikipedia, the free encyclopedia

Постимпрессионизм
Remove ads

Постимпрессионизм[1] (латын тілінде post — кейін және импрессионизм) — бейнелеу өнері тарихында импрессионизм негізінде пайда болған ағым. Постимпрессионизм өнерде XIX ғасырдың аяғында көрініс беріп, XX ғасырда кең етек алды. Атаулары ұқсас болғанымен, постимпрессионизм импрессионизмнің тікелей жалғасы болып табылмайды. Бұл көркемдік әдістің өкілдері П. Сезанн, П. Гоген, Э.Мунк В. ван Гог, А. ле Тулуз-Лотрек өз шығармаларында табиғат пен болмыстың ішкі тынысын бейнелеуді көздеді. Постимпрессионистер шығармалары адам ойының терең түкпірлеріне бойлай еніп, олардың рухани әлемін нақты әрі тұжырымды тәсілдермен айқын аша білу жетістігімен ерекшеленді. Олар дүниені қаз-қалпында дәл ұқсата көшіруден бас тартып, бейнелеу тәсілдерінің дәстүрлі құралдарын шығармашылықпен пайдаланды. Постимпрессионизм өзінен кейінгі прогресшіл бейнелеу өнеріне әсер етіп келеді. Сонымен бірге, постимпрессионизмнен тәлім алған кей суретшілер оның болмыс пен дүниені танудағы әдіс-тәсілдерін теріс түсініп, жалаң түр қуалаушылыққа келіп ұрынды.

Thumb
Поль Гоген Әйел жемiс ұстап тұрған
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads