Проскений

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Проскений (гр. - сахнаалдындағы орын)

1) классикалық дәуірдегі ежелгі грек театры (б.з.б. 5 -4 ғ.) скенасының ағаштан жасалған қасбет немесе оның алдынан тұрғызылған декорациялық қабырға. Сарайлар мен ғибадатханалар алдында көрсетілетін трагедияларда проскений спектекльдің көрермендер жағына қойылатын жабық колоннада (бағаналар тізбегі), т.б. ролін атқарды; ал комедияларда тұрғын үй қасбетін бейнеледі;

2) Эллинизм дәуірі театрында (б.з. б. 4 -1 ғ.) секенаға жапсарлас тұрғызылатын жадағай төбелі тас құрылыс (колоннада немесе портик іспетті) проскений деп аталды. Құрылыстың ағашпен жабылған жадағай төбесіне шығып спектакль көрсету қалыптасқан кезде құры лыспен қоса ойын көрсететін алаңды да "Проскений" деп атау дәстүрге айналды.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads