Профаза

From Wikipedia, the free encyclopedia

Профаза
Remove ads

Профаза (prophasis, гр. pro, protos — бірінші, phasis — фаза) — митоз бен мейоздың бірінші фазасы. Жасушаның митоздық бөлінуі кезінде профазада жасуша ядросындағы хромосомалар ширатылып көрінеді және центросомадан митоз ұршығы қалыптасады. Мейоз профазасы — біріншілік сперматоциттер мен овоциттердің бірінші бөлінуінің бастапқы сатысы.

Thumb
Жасушаның бөлінуі, бірінші фаза, митоз және мейоз арқылы

Мейоз профазасы кезінде жыныс жасушаларындағы гомологиялық хромосомаларда күрделі өзгерістер болып, олар бір-бірімен жақындасып гендерімен алмасады. Профаза бес сатыдан: лептотен, зиготен, пахитен, диплотен, диакинез сатыларынан өтеді.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads