Пьер Ферма

From Wikipedia, the free encyclopedia

Пьер Ферма
Remove ads

Пьер де Ферма (фр. Pierre de Fermat; 17 тамыз 1601 жыл, Бомен-де Ломань – 12 қантар 1665 жыл, Кастр) — француз математик, физик. Мамандығы бойынша заңгер. Сандар теориясының негізін қалаушылардың бірі. Осы теорияның бір теоремасы Ферманың есімінен аталады (қ. Ферма теоремасы). Ферма геометриядағы координаттар тәсілін Рене Декарттан бұрынырақ жүйелі түрде дамытқан. Ғалым шексіз аз шамаларды есептеуде дифференциялаудың жалпы заңын ашты.

Quick facts Туған күні, Туған жері ...

Ол максимум мен минимумды (экстремумдарды) табатын есептермен, қисықтарға жанама жүргізу тәсілімен, дененің ауырлық центрін анықтаумен, қисық (шеңбер) доғасының ұзындыған есептеумен, ықтималдық теориясының есептерін шешумен, т.б. шұғылданды. Ферма физикада Ферма принципі деп аталатын геом. оптиканың негізгі принципін тұжырымдады. Бұл принцип Мопертюи- Эйлердің ең аз әсер принципіне негіз болды.


Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads