Рауль Гонсалес

From Wikipedia, the free encyclopedia

Рауль Гонсалес
Remove ads

Рауль Гонсалес Бланко (ис. Raúl González Blanco; 27 маусым 1977 жыл, Мадрид, Испания), қысқаша Рауль (ис. Raúl) — испаниялық футболшы, шабуылшы.16 жыл бойы «Реал Мадрид» футбол клубында ойнаған, сонымен қатар осы клубтың тарихындағы ең көп гол соққан адам және клубтың аңыз спортшысы. Испания футбол құрамасының сапында 10 жыл бойы ойнап, 4 жыл капитаны болған. 2010 жылға дейін құраманың бүкіл тарихындағы соққан голдар санынан көшбасшы болып, кәзіргі уақытта 44 голмен екінші орында. Чемпиондар Лигасының 3 дүркін чемпионы, Испания футбол Чемпионатының 6 рет чемпионы аталып, сонымен қатар 5 рет Испанияда жылдың үздік футболшысы атағына ие болды. Еурокубоктер тарихындағы үздік мерген, УЕФА Чемпиондар Лигасының тарихындағы ең көп гол соққан адам. «ФИФА 100» тізіміне енген.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Толық аты ...
Remove ads

Карьерасы

Рауль Мадрид қаласының маңындағы Маркони да Сан Кристобаль де лос Анхелес өңірінде өскен. Оның әкесі, дон Педро, мадридтік «Атлетико» клубының жанкүйері болғандықтан, Рауль «Сан Кристобаль» балалар командасында біраз уақыт ойнаған соң сол «Атлетико» клубының жастар командасында ойнай бастайды. Алайда «Атлетико» оның талантын мойындамағандықтан, Рауль «Реал» жастар командасына ауысты.

«Реал Мадрид»

Аллаңдағы негізгі орны - екінші немесе артқы шабуылдаушы, әлде инсайд. Осыған қарамастан Реал Мадрид клубының тарихындағы үздік бомбардир.

2008 жыл, 8 наурыз күні Рауль Испанияның жоғарғы дивизионындағы 200-і голын соқты.

2009 жылдың 15 ақпанында Хихондық "Спортинг" қақпасына гол соғып, Рауль «Реал» сапында Ла-Лигадағы гол соғу көрсеткішінен бірінші орынға, ал жалпы Ла-Лигада 228 гол соғып, әйгілі Ди Стефаноны озып, Тельмо Зарра (252) және Хуго Санчестен (234) кейінгі үшінші орында тұр. Жалпы «Реал» үшін ресми ойындарда 323 гол соққан.

Remove ads

«Шальке-04»

2010 жылдың 27 шілдесінде Рауль «Шальке 04» клубымен 2 жылдық келісімшарт жасасты. 2010 жылдың 25 қыркүйегінде мёнхенгладбахтық «Боруссияға» қарсы ойында бундеслигадағы бірінші голын соқты. 2010 жылдың 20 қазанында Тель-Авивтік «Хапоэльге» қарсы УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде, Рауль 2 гол соқты. Осы 2 голы еврокубоктардағы соққан 69-шы және 70-ші голдары болып(оның 68-і Чемпиондар Лигасында, бұл үздік көрсеткіш), Рауль Герд Мюллердің рекордын басып, Филиппо Индзагимен қатар Еуропаның барлық еврокубоктарын қосқандағы бүкіл тарихындағы үздік бомбардирі атанды. Кейін 2011 жылдың 12 ақпанында испаниялық Валенсияға тағы бір гол соғып бұл көрсеткішті еселеді.

2012 жылы 13 мамырда Рауль Катардың "Әл-Садд" клубына ауысты. Онда жетінші нөмірлі жейдені киіп, жартылай қорғаныста капитан ретінде ойнады. Маусым соңында Катар чемпионы атанды.

2014 жылы қазан айында "Нью-Йорк Ғарыш" клубымен көпжылдық келісім шарт жасасқанымен, 2015 жылдың соңында футболмен қоштасатынын мәлімдеді. 2016 жылы 16 қарашада 38 жасар футболшы карьерасындағы ең соңғы ойынын өткізді.

Ұлттық құрама

Жеке өмірі

Рауль 1998-шы жылғы «Мисс Мадрид» Мамен Сансқа 1999-шы жылы үйленген. Бүгінгі күнге бұл жұптың 4 ұлы және қызы бар. Бірінші ұлының есімі Хорхе, кезінде Раульге футболшы ретінде танылуға көмек берген Раульдің бұрынғы бапкері Хорхе Вальданоның есімімен аталды. Екінші ұлы Хуго, Раульдің балалық шағындағы кумирі, бұрын әйгілі футболшы болған Хуго Санчестің есімімен аталды. Үшінші және төртінші ұлдары егіздер - Гектор және Маттео, Гектор бұрын «Реал» сапында өнер көрсеткен Гектор Риаль есімін алса, Маттео аты аңызға айналған бұрынғы неміс қорғаушысы әрі капитаны Лоттар Маттеустың есімімен аталды. Бесінші қыз баласы - Мария 2009 жылы туған. Рауль кітап оқығанды және испандық музыка тыңдағанды ұнатады. Корриданы тамашалап, аң аулаумен әуестенеді.

Remove ads

Жетістіктері

Клубтық

Жеке

  • 2001 жылы Әлемнің 3-ші футболшысы. (FIFA нұсқасы бойынша)
  • 2001 жылы Еуропаның екінші үздік ойыншысы болып, «Күміс доптың» иегері атанды. («France-Football» журналының нұсқасы бойынша)
  • 1997, 1999, 2000, 2001, 2002 жылдары Испанияда жылдың үздік футболшысы. («Don Balon»)
  • 1999/00, 2000/01, 2002/03 жылдары Еуропаның үздік шабуылшысы. (UEFA нұсқасы бойынша)
  • 2000 жылғы Еуропа Чемпионатының үздік ойыншылары қатарында.(UEFA нұсқасы бойынша)
  • Екі рет-1999 (25 гол — 50 ұпай), 2001 (24 гол — 48 ұпай) жылдары Еуропының 3-ші үздік голеадоры атанып, «Қола бутса» марапытының иегері атанды. («ESM» марапаты)
  • 1999 жылы ұлттық құраманың сапында соққан голдар санынан әлемнің үздік бомбардирі. (IFFHS нұсқасы)
  • 1999, 2001 жылдары Испания футбол Чемпионатының үздік бомбардирі.
  • 2000, 2002 жылдары УЕФА Чемпиондар Лигасының үздік бомбардирі.
  • УЕФА Чемпиондар Лигасының тарихындағы үздік бомбардир: 69 гол
  • Бүкіл Еурокубоктардың үздік бомбардирі: 71 гол
  • «Реал Мадрид» тарихындағы үздік бомбардир: 323 гол
  • Еуро-2000 іріктеу сатысындағы үздік бомбардир
Remove ads

Статистикасы

More information Команда, Уақыт ...
More information Клуб, Маусым ...
Remove ads

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads